24 қаңтар 2020 14:15

"Қызға қатысты қызғаныш". Ақтөбелік оқушы төбелестен кейін ауруханаға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Ақтөбеде №10 мектептің 11-сынып оқушылары арасында төбелес болып, жасөспірім ауруханадан бір шықты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.


Ақтөбеде №10 мектептің 11-сынып оқушылары арасында төбелес болып, жасөспірім ауруханадан бір шықты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жоғары сынып оқушылары арасындағы жанжалға қатысты тергеу жүріп жатыр. 17 қаңтарда тіркелген оқиғаға қатысты "Бұзақылық" бабымен іс қозғалды. Мектеп басшылары оқушылардың  қыз үшін қырқысқанын растайды.

"Төбелес қызға қатысты қызғаныштан болған. Ұрған бала жәбірленушінің сыныптас қызымен бір жылдан бері достық қатынаста болған. Оқиғаға қатысқан төрт баланың да сабақтары жақсы, толық отбасынан, бәрі де осыған дейін әдепсіз қылық көрсеткен жоқ",-дейді №10 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нәзия Елбаева.

Тәртіп сақшылары кінәлі оқушыларды есепке алған.

"Қазір оқиғаға қатысты "Бұзақылық" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Жасөспірімдер есепке алынды", - дейді Ақтөбе қаласы Астана ауданының инспекторы Салтанат Көшқалиева.

Өткен жылы Ақтөбе облысында 122 жасөспірім қылмыстық жауапқа тартылған.​ Үш қылмыс адам өлімімен аяқталған.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети