Қызыл түске боялған Каспий Ақтау тұрғындарын шошытты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: МО экология департаменті Фото: МО экология департаменті

Ақтауда 1-шағынаудандағы Каспий теңізінің жағалауы қызыл түске боялған. Жергілікті тұрғындар дабыл қағып отыр, алайда экологтар ақтаулықтарды сабырға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда 1-шағынаудандағы Каспий теңізінің жағалауы қызыл түске боялған. Жергілікті тұрғындар дабыл қағып отыр, алайда экологтар ақтаулықтарды сабырға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде теңіз жағалауының суреттері тарады.

Әлеуметтік желіден

Жергілікті тұрғындар бұл құбылысқа кейбір химиялық төгінділер әсер етуі мүмкін деп топшылады. Ал экологтар бұл қарапайым құбылыс екенін айтып, экология мен адамдарға қауіп төндірмейді деп сендірді.

"Бұл - әр қыс сайын жиі кездесетін табиғи құбылыс. Әсіресе, қар жауса, ақ түс пен ашық қызыл түс қорқынышты көрінеді. Қоңыр балдырлар осындай түс береді", - деп түсіндірді "Эко Маңғыстау" ҮЕҰ басшысы Кирилл Осин.

Экологтар суық мезгілде балдырлар көбейіп, гүлдейтінін айтты, бұл осындай "қорқынышты" жағдай туындауына ықпал етеді екен.

Маңғыстаудың Экология департаменті де теңіз балдырларының әсерінен жаға қызыл түске боялғанын мәлімдеді, бірақ сынамалар алынған.

"Достар" жағажайы, "Нұр-Плаза" және яхта клубы аумағынан сынамалар алынды. Талдауларға сүйенсек, теңізде химиялық әсер табылған жоқ. Балдырлар ешқандай зиян келтірмейді. Бұл - табиғи құбылыс, сондықтан алаңдамаңыздар", - деп түсіндірді Маңғыстаудың экологиялық зерттеу зертханасының гидробиология бөлімінің зертханашысы Нұрболат Өтемісов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer