Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қызылағаш трагедиясына кінәлілер еркіндікте жүр

03 Сәуір 2014, 16:20
0
©Нұрғиса Елеубеков
©Нұрғиса Елеубеков
©Нұрғиса Елеубеков
©Нұрғиса Елеубеков
©Нұрғиса Елеубеков
©Нұрғиса Елеубеков
©Нұрғиса Елеубеков
©Нұрғиса Елеубеков

Алматы облысындағы Қызылағаш ауылында бөгеттің жарылуына кінәлілердің бәрі еркіндікте жүр, олардың бірқатарына 2012 жылы рақымшылық жасалған деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі Талдықорған гарнизонының әскери сотына сілтеме жасап. 

"Қызылағаш" су қолданушылары кооперативі басқарма төрағасы, плотинаның меншік иесі Қуаныш Бекеев 2011 жылдың ақпанында "Өз міндеттеріне адал қарамау" бабы бойынша айыпты деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол басқарушы қызмет атқару құқығынан үш жылға айырылған. Әскери соттың мәліметінше, Бекеев қоныс-колонияда жаза өтей бастағанымен, кейін Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай жарияланған рақымшылық бойынша бостандыққа шығарылды.

Плотинаның шайылып кетуіне қатысты іс бойынша айыпталған басқа адамдар да еркіндікке шыққан. Бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілген Қызылағаш ауылдық округінің әкімі Есет Жүнісов пен "Қызылағаш" ауылдық кооперативінің атқарушы директоры Мұхит Жүнісов те рақымшылыққа ілігіпті.

Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Берік Тынышбаев пен Алматы облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Евгений Енин әуеліде өз қызметіне салғырт қарағаны үшін сотталғанымен 2012 жылдың қаңтарында ақталған. Ақсу аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Күнібек Байзақов екі жылға шартты түрде сотталған. Алматы облысы су ресурстары жөніндегі комитетінің бұрынғы төрағасы Ақдарбек Сабыровқа қатысты қылмыстық іс ескіру мерзімінің өткеніне байланысты тоқтатылды.

Еске салайық, 2010 жылы Қызылағаш іргесіндегі бөгет жарылып кетіп, ауылды түгел су шайып кеткен болатын. Қайғылы оқиғадан 45 адам қайтыс болды, олардың арасында 12 бала бар. Билікке ауылды жаңадан тұрғызуға тура келді.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай