26 ақпан 2014 18:19

Қызылжарда мүгедектерге арналған еңбек жәрмеңкесі өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©kaz.tengrinews.kz ©kaz.tengrinews.kz

Қызылжарда алғаш рет мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған еңбек жәрмеңкесі өтті. Келушілерге 100 жұмыс орны ұсынылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Петропавл қаласы бойынша 10 мыңға жуық мүгедек тіркелген. Бұл шаһар халқының 5 пайызы. Жәрмеңкеге 24 мекеменің өкілдері қатысты. Келушілерге тұрақты орындармен қатар, уақытша қоғамдық жұмыстар мен қайта даярлау курстарынан өту ұсынылды. Екі қолға бір күрек табуды діттегендердің бірі, 2-топтағы мүгедек Ерік Сүлейменов. «Маған мүгедектік таңылғанға дейін 15 жыл ел қатарлы еңбек еттім. Ауыр сырқаттан соң, жарымжан болып қалдым. Үйде отырғаныма бірталай уақыт болды. Мамандығым есепші, қайта даярлау курсынан өтіп, тігіншілік жұмысқа орналасатын болдым», - деді ол. Еңбек жәрмеңкесінде 4 мүгедек тұрақты, 8-і уақытша қоғамдық жұмысқа орналастырылды. 8 адамға әлеуметтік жұмыс орындары ұсынылса, қайта даярлау курстарына 12 жолдама берілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети