30 наурыз 2019 17:19

Қызылорда облысында қаза болған әскери қызметшілерді ақтық сапарға шығарып салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысында әскери ведомство басшысы генерал-майор Нұрлан Ермекбаев және Қарулы Күштердің жеке құрамы тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілерді соңғы сапарға шығарып салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қызылорда облысында әскери ведомство басшысы генерал-майор Нұрлан Ермекбаев және Қарулы Күштердің жеке құрамы тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілерді соңғы сапарға шығарып салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілдері әскери қызметшілердің туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айтып, министр әскери қызметшілердің қаза болуы - бұл отбасы үшін ғана емес, сонымен бірге Қазақстан армиясы үшін орны толмас қайғы-қасірет екенін атап өтті.

"ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстанның Қарулы Күштері барлық әлеуметтік кепілдемелерді қамтамасыз етеді және қаза болған әскери қызметшілердің туысқандары мен жақындарына қажетті психологиялық, материалдық және заң бойынша барлық тиесілі әлеуметтік кепілдемелер мен төлемдердің іске асырылуына көмек көрсетеді", - делінген министрліктің хабарламасында.

Апатқа ұшыраған тікұшақ командирінің досы соңғы әңгімесін айтып берді

Қорғаныс министрі қолдау білдіру бір реттік көмекпен шектелмейтінін атап өтті. Ол гарнизондардың бастықтарына қаза болғандардың отбасыларына шефтілікті ұйымдастыруды, оның ішінде, олардың балаларына тәрбие беруге, білім алуға, жұмысқа орналастыруға және жан-жақты демеу болуға белсене атсалысуды тапсырды. Қаза болғандарға мемориал орнату жоспарланып отыр.

Қоштасу рәсімі аяқталған соң әскери қызметшілердің мәйіттері әскери-көлік авиациясы арқылы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Бас штабының бастығы генерал-лейтенант М. Майкеев, Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор М. Алтынбаев, Бас штабы бастығының орынбасарлары генерал-майор А. Алдабергенов, вице-адмирал Ж. Жанзақов, генерал-майор М. Таласов, Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Н. Кәрбенов, Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Д. Қосановтың ілесіп жүруімен жерлеу орындарына жеткізілді. Әуе қорғанысы күштері мен жергілікті әскери басқару органдарының қолбасшылығына әскери жөн-жоралғыны сақтай отырып, қаза болғандарды жерлеуді қамтамасыз ету тапсырылды.

Қызылорда облысында тікұшақ апатынан қаза тапқан Сабыр Тоқбаевтың артында жеті баласы қалды

Еске салайық, Ми-8 тікұшағы 27 наурызда апатқа ұшыраған болатын.  "2019 жылдың 27 наурызында Қазақстан ҚК ӘҚК Әскери әуе күштерінің тікұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар бар. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны мен жағдайы анықталу үстінде. 4 тікұшақ Ақтау қаласынан Шымкентке қарай бағыт алған еді. Ұшу түнгі уақытта метеорологиялық қиын жағдайда кешенді тексеріс және "Алтын жебе" арнайы бөлімшелерінің жаттығуы аясында іске асырылған", - делінген еді хабарламада.

Кейінірек тікұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден берілетіні айтылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети