01 желтоқсан 2021 16:04

Қызылорда облысында салмағы бес келіден асатын сәби дүниеге келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Pixabay.com Фото: Pixabay.com

1 желтоқсанда сағат 2.31-де Тұңғыш Президент күні Қызылорда облысында салмағы 5400 грамм батыр сәби дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


1 желтоқсанда сағат 2.31-де Тұңғыш Президент күні Қызылорда облысында салмағы 5400 грамм батыр сәби дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қармақшы аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Парида Сарыбаеваның айтуынша, баланың бойы 62 сантиметр, салмағы - 5400 грамм.

"Бұл отбасыдағы бесінші бала. Ерлі-зайыптының егізі бар - қыз бен ұл, олар 13 жаста және тағы екі қызы бар. Райхан Әбдірахманова 44 жаста. Ол кесар тілігінен кейін жансақтауда жатыр, нәресте аман-сау, дәрігерлердің бақылауында", - деді ол.

Ауданда салмағы бес келіден асатын балалардың дүниеге келуі сирек емес екенін айта кеткен жөн. Биыл, мысалы, мұнда осындай 3-4 бала дүниеге келген.

"Бұрын 4 келіден асатын баланың дүниеге келуі біз үшін сирек еді. Ал соңғы жылдары өсу үрдісі байқалады. Осының бәріне қозғалыссыз өмір салты, сондай-ақ жүкті әйелдердің ұн өнімдерін көбірек жей бастауы ықпал етеді", - деді Сарыбаева.

1 желтоқсанда түнгі сағат 00.00-ден бастап осы уақытқа дейін облыстық перинаталдық орталықта 14 бала дүниеге келді, олардың екеуі егіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети