09 сәуір 2023 17:02

Қызылорда облысының әкімі мектеп оқушысының аяусыз соққыға жығылуына байланысты шұғыл жиын өткізді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазалы ауданында жасөспірімдер арасындағы төбелес дерегі бойынша шұғыл жиын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазалы ауданында жасөспірімдер арасындағы төбелес дерегі бойынша шұғыл жиын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін жеткіншектің аяусыз соққыға жығылғаны түсірілген видео резонанс тудырған болатын. Ауыр жарақат алған 15 жастағы мектеп оқушысы ауруханаға жеткізілді, оның жағдайы ауыр.

Аймақ басшысы Қазалы ауданы әкімі мен жергілікті полиция қызметінің жұмысын қатаң сынға алғаны хабарланды.

"Бұған дейінде бұл аумақта жаппай төбелес болған. Алайда аудан әкімі мен жергілікті полиция қызметкерлері бұл жағдайға жол беріп, әрекетсіздік танытқан. Сонымен қатар, бұған дейін Қызылорда қаласындағы №217 мектеп оқушылары суық қару қолданған. Байқоңыр қаласындағы №275 мектепте де төбелес тіркелді. Жалағаш кентінде де екі мектеп оқушылары арасында жанжал шыққан", - деді облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев шұғыл жиын барысында.

Сонымен қатар, Нәлібаев жастарды әлеуметтендіру бағытындағы шаралардың жеткіліксіздігін, тәрбие жұмыстары тек есеп беру үшін өткізілетінін айтып, төбелестің шығу себебін анықтап, шұғыл шара қабылдауды тапсырды. Бұған қоса, өңір басшысы бұл жағдайда ата-аналардың өз жауапкершілігін сезінуі керектігін ескертті.

"Бәріміз де ата-анамыз. Әрбір ата-ана таңертең мектепке шығарып салған баласының үйге есен-сау оралатынына сенімді болуы керек. Ал полиция мен мектеп бұған қол жеткізе алмай отыр. Қызылорда қаласы мен Қазалы, Жалағаш ауданы бойынша полиция басқармаларының жауапкершілігі қаралсын. Сонымен қатар, аталған мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары да осы жағдайға жол бергендері үшін тиісті жазаларын алсын", - деді облыс әкімі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети