14 желтоқсан 2020 19:19

Қызылордада 500 орындық "Зерде" интеллектуал мектебі ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қызылорда өңірінде жаңа 500 орындық жеке мектеп ашылды. "Зерде" интеллектуалды мектебінің ресми ашылу салтанатына облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қатысып, қоғам қайраткері Бекмырза Еламановпен бірге жаңа білім ордасының лентасын қиды. Жеке мектеп кәсіпкер, меценат Сейтқали Алшынбаевтың бастамасымен салынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа білім ошағының аумағы 8 000 шаршы метр, ал жалпы алаңы 1600 гектарды құрайды. Меценаттың айтуынша, оқу ордасында 120 қызметкер жұмыспен қамтылатын болады.

Облыс әкімі заманауи үлгіде салынған мектептің материалдық-техникалық базасымен танысып, мектеп фойесінде оқушылармен кездесті.

Интеллектуалды мектептің алғашқы қабатында оқушылар үшін спортзал, би залы, асхана мен оқу кабинеттері орналасқан. Ал, екінші қабатта балалар демалыс алаңы және теннис залы салынған. Үшінші қабат заманауи үлгідегі акт зал, компьютер сынып ашылған.

Ерекше айту керек, 2019 жылы 1300 орындық 3 мектеп ашылды, биыл 300 және 500 орындық тағы 2 мектеп салынуда. Облыста Қызылорда өңірінде 293 мемлекеттік мектеп болса, жеке мектептер саны 8-ге жетті.

Жыл басында Сыр елінде 140 орындық бір мектептің құрылысы аяқталып, тағы бір мектептің құрылысы жалғасуда. Ал, келесі жылы үшінші мектептің құрылысы басталмақ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети