03 тамыз 2021 11:50

Қызылордадағы мектепте оқулық үшін кезекке тұрған балалар видеосы тарады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысының білім басқармасы мектептердің бірінде оқулық алу үшін кезекте тұрған оқушылардың видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қызылорда облысының білім басқармасы мектептердің бірінде оқулық алу үшін кезекте тұрған оқушылардың видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мектеп алдына жиналған оқушылардың видеосы Instagram-да жарияланған. Видео авторы оқу орнының әкімшілігі балаларға оқулық тарату процесін дұрыс ұйымдастырмағанына шағымданады.

"Бұл 261-ші мектеп. Оқулықты көшеде осылай таратып жатыр. Қайдағы карантин? Бұл базар ма? Кітаптарды жерге қойып бөліп жатыр. Балалар күннің астында тұр. Билік қайда қарап отыр?"- дейді видео авторы.

Қызылорда облысының білім басқармасы әр отбасынан бірнеше адам келуіне байланысты кезек пайда болғанын мәлім етті.

"Қызылорда қаласының Лапин атындағы № 261 орта мектебінде оқулық таратылуына байланысты білім басқармасы ресми түсініктеме береді. Мектеп дирекциясы тарапынан оқушыларға кітап тарату арнайы кестеге сәйкес жүргізілді. Бұл ретте мұғалімдер арасында кезекшілік ұйымдастырылды. Бүгінде бекітілген кесте бойынша 1-4 сынып оқушыларына кітап тарату жоспарланған.

Алайда бір отбасынан 2-3 оқушы бір уақытта мектепке келіп жатыр. Хабарламаны ата-ана елемеуіне байланысты оқушылар көп жиналды. Басқарма тарапынан мектеп әкімшілігіне бұл жағдайды жедел реттеу тапсырылды. Оқушылардың бұлай жиналуына жол берілмейді", - деді ведомство өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети