16 қаңтар 2022 21:19

Лаңкестер бейбіт тұрғындарды қалқан ретінде пайдаланды - Алматы прокуроры

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: REUTERS Фото: REUTERS

Алматының бас прокуроры Берік Жүйріктаев лаңкестер бейбіт тұрғындарды қалқан ретінде пайдаланғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының бас прокуроры Берік Жүйріктаев лаңкестер бейбіт тұрғындарды қалқан ретінде пайдаланғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде қаладағы жағдай тұрақты. Мен және прокуратураның барлық қызметкері тәртіпсіздіктер ошағында жүрді. Бүлікшілердің ұйымдасқан шабуылын көрдік. Олар арнайы техниканы, өрт сөндіру автокөліктерін, автобустарды басып алды. Бақылау камераларын сындырды. Жолға төселген тастарды, басқа да құралдарды қылмысқа қолданды. Мысалы, бүкіл жеке құрам болған прокуратура ғимаратын өртеді. ТЖМ бөлімшелерінің іс-қимылдары арқасында жалынды сөндіріп, қызметкерлерді эвакуациялауға мүмкіндік болды. Олар жанып жатқан ғимараттан құтқарылды", - деді Жүйріктаев ОКҚ брифингінде.

Ол қылмыскерлер аңшылық дүкендерді ұйымдасқан түрде басып алғанын, полиция қызметкерлеріне шабуыл жасау, бейбіт тұрғындарды қорқыту және террористік шабуылдарды жалғастыру үшін қару-жарақтар бар полиция ғимаратына шабуыл жасалғанын айтты.

"Ғимараттар қирап, өрт және медицина қызметкерлерінің жұмысы бұғатталды. Сол кезде құқық қорғау органдары бұл ашулы наразылық білдірушілер деп ойлады, сондықтан барлық қылмысқа қарамастан, қауіпсіздік күштері қару қолданбады. Қазір содырлар наразылық шараларын өз мақсаты үшін қолданғанын түсінеміз. Көшеге шыққан бейбіт тұрғындарды олар шабуыл мен өлімнен қоғану үшін қалқан ретінде қолданды. Мен қылмыскерлер жасаған барлық қатыгездікті көріп, тұрғындар үйлеріне тарады деп сенемін", - деп толықтырды прокурор.

Жүйріктаевтың айтуынша, 5 қаңтардан бастап қалада тек бандиттер мен террористер жүрген.

"Бұл енді бейбіт наразылық болған жоқ, терроризм актісіне тап болдық.

Әкімдік ғимараты, әуежай мен Президент резиденциясы басып алынды. Іс-әрекеттер сипаты, дайындығы, қатыгездігі және барлық жерде өтуі ұйымдастырылғанын көрсетеді", - деп толықтырды прокурор.

Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.

Тұрғымбаев Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке ұласқан оқиғалар хронологиясын баяндады

Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізілді.

Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді

5 қаңтарда үкімет отставкаға кетті, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, сұйытылған газ, бензин және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу енгізілді. Алайда толқу күшейе түсті. Алматы қаласы қатты зардап шекті. Бүлікшілер әкімдік ғимаратын өртеп жіберді, Президент резиденциясын басып алды, дүкендерді, сауда орталықтарын, банк кеңселері мен банкоматтарды қиратып, тонады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін Үкімет, соның ішінде, Энергетика министрлігі, "ҚазМұнайГаз" бен "Қазақгаз" кәсіпорындары кінәлі екенін айтты.

6 қаңтарда Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. ҰҚК-нің жаңа басшысы болып Ермек Сағымбаев тағайындалды. Дәл осы күні ҰҚК Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі бойынша "Мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал 10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден бизнеске келтірілген шығын 12 қаңтарда 100 миллиард теңгеден асты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер саны анықталып жатыр, әлі белгісіз.

11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкімет мүшелерін тағайындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети