20 сәуір 2021 13:13

Лицензиядан айырылған банктерде сақталған депозиттер 1 мамырдан бастап БЖЗҚ-ға аударылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) лицензиясынан айырылған банктерде сақталып, бір жылда талап етілмеген депозиттерді БЖЗҚ-ға аудару құқығына ие болады. Жаңа норма 1 мамырда күшіне енеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) лицензиясынан айырылған банктерде сақталып, бір жылда талап етілмеген депозиттерді БЖЗҚ-ға аудару құқығына ие болады. Жаңа норма 1 мамырда күшіне енеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2021 жылдың 1 мамырынан бастап депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болған және барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған депозит салымшысы кепілдік берілген өтемді төлеу басталған күннен бастап бір жыл ішінде Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына (ҚДКБҚ) жүгінбесе, онда ҚДКБҚ кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) есепке қою үшін БЖЗҚ-ға аударады.

Бұдан басқа, 1 мамырдан бастап ЕЗЖ есепке алынатын ЖЗШ-ны автомат түрде (өтініш бермей) ашу үшін БЖЗҚ-ға алғаш рет түскен:

  • салымшы-жеке тұлғадан өз табысы есебінен өз пайдасына немесе салымшыдан (жеке/заңды тұлғадан) алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарнасы;
  • ҚДКБҚ-дан кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы негіз болады.

"Бұл ретте пайдасына төлемдер жүргізілетін жеке тұлғаны сәйкестендіру төлем тапсырысының электрон форматында көрсетілген дербес деректер (ТАӘ, ЖСН, туған күні) бойынша жүзеге асады, ал барлық қажетті мәлімет: жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері туралы өзге де мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.

Азаматтың БЖЗҚ-да ЕЗЖ есепке алынатын ЖЗШ-сы бұрыннан ашылған болса, онда кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы осы шотқа есептеледі", - деді БЖЗҚ өкілдері.

ЖЗШ-ға есептелген кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомалары ЕЗЖ-ның басқа сомалары сияқты тәртіпте инвестицияланатынын атап өткен жөн.

"БЖЗҚ-да ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары бар адамдар оларды 50 жасқа толған кезде, мүгедектік туындаған кезде, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетін немесе дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар ретінде тұрақты тұруға кеткен кезде алуға құқылы.

Жоғарыда көрсетілген жағдайлар басталғанға дейін талап етілмеген соманы қайтару үшін салымшы "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Заңға сәйкес ҚДКБҚ-ға өтініш жасай алады. ҚДКБҚ өз кезегінде БЖЗҚ-ға хабарлама жібереді және қайтару жүргізіледі. Бұл ретте, егер БЖЗҚ салымшысының ЕЗЖ бойынша шоты автоматты түрде ашылып, ҚДКБҚ-ға қайтарылғаннан кейін қаражат қалмаса, онда ол бір айдан кейін автоматты түрде жабылады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети