Ливерпульдіктер Көк-Төбедегі The Beatles ескерткішін көшіріп алды

06 Желтоқсан, 20:08
0
© instagram.com/margulan_seissembai
© instagram.com/margulan_seissembai

Ливерпульде The Beatles тобына ескерткіш қойды. Негізінде дәл осы ескерткіштің түпнұсқасы Алматыдағы Көк-Төбеде орнатылған. Бұл туралы қазақстандық кәсіпкер Марғұлан Сейсембай Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бұл мүсiндi бiз конкурс өткiзiп, көп дизайн ұсыныстардың iшiнен таңдап алып Қазақстанның әйгiлi мүсiншiсi Эдуард Казарянға қола металынан жасатқанбыз. Барлық авторлық құқы Seimar Social Fund-ның жеке меншiгiнде. Ағылшындар копияны ұрықсатсыз жасады. Бiзге ағылшындарға қарсы сотқа беруге болады. Осыған орай не iстеген дұрыс деп ойлайсыз?", - деп жазды Сейсембай. 

Liverpoolecho басылымының мәліметінше, ескерткішті Rubber Soul ғимаратының иегерлері орнатқан. БАҚ мәліметінше, мүсін Мэтью-стрит орталығында, музыканттардың туған жерінде - Ливерпульде орнатылған. Бұл топ мүшелеріне қойылған бірінші ескерткіш емес. Музыканттардың тағы бір мүсіні Pier Head кешенінде және Hard Day’s Night қонақ үйінің шатырында орнатылған.


Ливерпульдегі ескерткіш. © liverpoolecho.co.uk

Көк-Төбедегі "Битлз орындығы" сульптурасы. Сурет "Көк-Төбе паркінен. 

The Beatles тобының ескерткіші Алматыда 2007 жылы пайда болды. Ескерткіш қоладан жасалған. Джордж Харрисон, Ринго Старр және Пол Маккартни тұрып тұр. Ал Джон Леннон болса орындықта гитарамен отыр. 

Получить короткую ссылку


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай