25 шілде 2016 11:28

Лондонда мас күйінде көлік жүргізді деп айыпталған қазақстандық дипломаттарға қатысты түсінік берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

ҚР Сыртқы істер министрлігіндегілер осыған дейін ұлыбританиялық ақпарат құралдарында "қазақстандық мәмілегерлердің мас күйінде көлік жүргізгені үшін айыпталғаны" туралы ақпаратқа қатысты түсінік берді. The Telegraph басылымының мәліметінше, бұл ақпарат туралы сыртқы саяси ведомствосының басшысы Борис Джонсон мәлімдеді. ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында көлікті мас күйінде жүргізу туралы деректің бар екендігін, бірақ көлікте мәмілегер емес, ҚР елшілігінің техникалық қызмет көрсететін қызметкері болғанын айтты.

"Бұл оқиға былтыр болды. Бірақ көлікте мас күйінде мәмілегер емес, елшіліктің техникалық қызмет көрсететін қызметкері болған. Бұл оқиғадан кейін ол үйіне қайтарылды. Қазір Ұлыбританиядағы ҚР елшілігінде жұмыс істемейді. Сол уақыттан бері Ұлыбританияда бірде-бір қазақстандықтың мас күйінде көлік жүргізгені туралы дерек тіркелген жоқ", - деді Жайнақов.

Сонымен қатар, ол ҚР СІМ мен ҚР барлық шетелдегі мекемесі кез келген құқық бұзушылыққа жол бермейтінін атап өтті. "Жол ережелеріндегі құқықбұзушылық үшін тағылған барлық айыппұлды мәмілегерлердің өздері төлейді", - деп мәлімдеді Жайнақов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети