09 қазан 2020 18:02

ІІМ басшылардың колонияда ішімдік ішуі туралы ақпаратты тексерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрлігі Павлодар облысы колонияларының бірінің кеңсесінде болған отырыс туралы хабарлама дерегі бойынша ресми тексерісті аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрлігі Павлодар облысы колонияларының бірінің кеңсесінде болған отырыс туралы хабарлама дерегі бойынша ресми тексерісті аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, биыл шілдеде әлеуметтік желілерде Павлодар облысы полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік дирекциясы қызметкерлері аймақтағы ҚАЖ мекемесі мен екі колонияның басшылығы облыстағы ҚАЖД мекемесінің әкімшілік ғимаратының жанында мас күйінде табылғаны туралы ақпарат айтылған сурет пайда болған.

Хабарламада ҚАЖД басшылығы күтпеген жерден келген полициядан қаша бастағаны айтылады. Бастықтардың бірі ӨББ қызметкерлерін итеріп жіберіп, жүргізушісімен бірге автокөлікпен мекеме аумағынан жоғары жылдамдықпен кетіп қалған. Ал оның орынбасары жасырынуға тырысып, ғимарат ішіндегі дәретханада тығылып қалған.

Кейінірек ІІМ қызметтік тексерістің басталғаны туралы хабарлаған. Бұл тексерістің қалай біткенін білу үшін Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басшылығына ресми сауал жолдады.

"Аталған факт бойынша ҚАЖ комитетінің Өзіндік бақылау басқармасы қызметтік тексеріс жүргізіп, нәтижесінде тиісті шаралар қабылданды. Қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін Павлодар облысы ҚАЖ департаментінің бастығы, орынбасары, сондай-ақ АП 162/2 мекемесінің бастығы қызметінен босатылды", - деді ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасының орынбасары Есқали Саламатов.

Лауазымынан босатылған басшылардың аты-жөндері және осы істің басқа да егжей-тегжейі туралы хабарланбады.

Павлодар облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде хабарланғандай, аймақтың ҚАЖД бастығының орынбасары Тілеуберген Көнекбаев пен АП 162/2 мекемесінің басшысы Ерлан Оңбаев, сондай-ақ, ҚАЖД бастығы Талғат Молдажанов қазір жұмыс істемейді.

Ведомство олардың жұмыстан неге босатылғаны туралы хабарламады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети