26 мамыр 2022 22:39

ІІМ басшылық қызметтерінде ауыс-түйіс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ басшылық қызметтерінде ауыс-түйіс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.


ІІМ басшылық қызметтерінде ауыс-түйіс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

ІІМ басшылығы орталық аппарат және облыстық полиция буынының басшылық қызметтеріне үміткерді қарастырды.

Ұсынылған кандидаттардың әрқайсы бөлек қаралды. Бұл Iшкі істер министрлігінің кадрлық тағайындауының жаңа форматы екені атап өтілген.

Министр Марат Ахметжанов және оның орынбасарлары үміткерлердің кәсібилігі мен жеке қасиеттерін талқылады.

Министр үміткерлердің әрқайсымен жеке әңгімелесу барысында оларға қойылатын талаптар мен ведомство қызметтері және оның басшыларының міндеттерін пысықтап өтті.

Кандидатураларды қарау және әңгімелесу нәтижелері бойынша министрліктің бұйрығымен:

– ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы лауазымына Айдос Рысбаев;

– ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы лауазымына Хаджи-Ғали Имажанов;

– ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары лауазымына Шыңғыс Алекешев;

– ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары лауазымына Дамир Тайжанов;

– Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Рүстем Тұңғышбаев тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети