07 тамыз 2019 16:16

ІІМ басшысы зорлық жасағандарды жазалауға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев зорлауға қатысты бапты одан да ауыр бапқа ауыстыруға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев зорлауға қатысты бапты одан да ауыр бапқа ауыстыруға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"(...) Зорлау бойынша бізде барлығы норматив бойынша бекітілген. Бірінші бөлігі бар, екінші бөлігі бар, топтық зорлау бар - барлығына қатаң жаза қарастырылған. Өте қатаң жазалар көзделген, тек әр жағдайды жеке-жеке қарау керек. Сондықтан қазір бір бапта жаза жеңілдеу, біреуінде қатаң деп айта алмаймын", - деді министр.

Министрдің айтуынша, зорлау - ауыр қылмыс.

"Меніңше, бұл ауыр қылмыс, ол әрбір адамның конституциялық құқығын бұзады. Бұл әйелдердің ар-намысына тиеді", - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети