09 қазан 2022 17:59

ІІМ жаңа SMS-хабарламалар бойынша түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға келіп жатқан SMS туралы түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға келіп жатқан SMS туралы түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство өкілдерінің хабарына қарағанда, қазір тұрғындарға нақты тұрғылықты жері бойынша тіркелу керегі туралы SMS-хабарламалар келіп жатыр. Мұны ІІМ 1414 сall орталығы арқылы бүгінде тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген, яғни тіркеуден шығарылған адамдарға жіберіп жатыр.

Мұндай SMS-ті алған азамат тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелуі қажет. SMS алған кезде тіркеуді рәсімдеп қойғандар, бұл туралы 1414 call орталығына хабарлаудың немесе қоңырау шалудың қажеті жоқ, өйткені бұл - хабарлау сипатында жасалып жатқан шара.

"Тұрғылықты жері бойынша тіркелмегені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Тұрғындарды тіркемегені үшін тұрғын үй иелеріне де осындай жауапкершілік жүктеледі. Сондықтан, егер меншік иесі тұрғылықты жері бойынша тіркеуден бас тартса, көші-қон қызметіне хабарлауды сұраймыз", - деп еске салды ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети