12 маусым 2023 13:05

ІІМ жол-көлік оқиғасы жиі болатын өңірлерді атады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қазақстандағы жолдарда күн сайын 10-ға жуық адам қаза тауып, 70-ке жуық адам түрлі дене жарақатын алады. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандағы жолдарда күн сайын 10-ға жуық адам қаза тауып, 70-ке жуық адам түрлі дене жарақатын алады. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Боранованың айтуынша, биылғы бес айдың қорытындысы бойынша жалпы апат көрсеткішінің төмендегені байқалады, бірақ соған қарамастан, кейбір өңірлерде жағдай алаңдатарлық күйде қалып отыр.

"Еліміздің жолдарында күн сайын 10-ға жуық адам қаза тауып, 70-ке жуық адам түрлі дене жарақаттарын алады. Бұл статистика жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің абайсыздығы мен тәртіп сақтамауы жол-көлік оқиғаларына ықпал ететінін көрсетеді", - деді Боранова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Республикалық маңызы бар жолдардағы өлім-жітім жағдайы өзекті күйде қалып отырғаны айтылды. Жол-көлік оқиғаларынан қаза болу деректерінің жартысы осы жолдарда тіркеледі, бұл 666 жағдайдың 48 пайызы немесе 318-і.

Қала маңындағы жолдарда өлім-жітім дерегі едәуір өскен өңірлер - Алматы, Жамбыл, Жетісу, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Түркістан, Маңғыстау облыстары, деп қосты спикер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети