Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

ІІМ өкілдері Алматыдағы "митингтерге қарсы митингтер" туралы пікір білдірді

02 Маусым 2016, 12:58
1
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

ҚР ІІМ өкілдері 31 мамыр күні АҚШ елшілігі ғимаратының алдында "митингтерге қарсы митингтер" туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ мәліметінше, акцияға "Халықты баспанамен қамтамасыз етіңдер!" қоғамдың бірлестігінің басшысы Сұлубике Жақсылықовамен бірге 10-ға жуық адам қатысқан. "Жиналғандар АҚШ-та тұрып жатқан Қазақстанның бұрынғы азаматтарына қатысты наразылықтарын білдірді. Олар Қазақстанның өз Президентін заңды түрде таңдаған, көпұлты, дамып келе жатқан ел екенін айтып, БАҚ өкілдері алдында "Елбасы біздің Президент!", "Біздің биліктен қолдарыңды тартыңдар!" деген жазуы бар плакаттарды ұстап тұрды. Сонымен қатар, АҚШ-та наразылық акциясын ұйымдастырған бұрынғы қазақстандықтардың суретін алып шықты", - деді ІІМ өкілдері.

"Республиканың қазіргі заңнамасына ("Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Заңның 8-бабы) сәйкес, наразылық танытып жатқан азаматтар жергілікті атқарушы органдардың немесе прокуратураның бірінші талабы бойынша заңсыз әрекеттерін тоқтату керек керек. Бұдан бас тартқан жағдайда ішкі істер органдары қажетті шараларды қабылдайды", - деді министрлік өкілдері.

Жиналғандарға әкімдік пен прокуратура өкілдері  бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы мәлімет берді. Ешкім жауапқа тартылған жоқ. Акция шамамен 10 минутқа созылды, қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ.

Бұған дейін митингке қатысты АҚШ елшілігінің өкілдері пікір білдірген болатын. Америкалық дипломаттар Алматыдағы бас консулдықтың 31 мамырда акцияға қатысушыларға қатысты ешқандай да шара қолданбағанын хабарлады. "АҚШ үкіметі мен АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының Құрама Штаттардағы Қазақстанмен байланысты қандай да бір наразылықтарға ешқандай қатысы жоқ. АҚШ елшісі Джордж Кролдың айтуынша, наразылық білдірушілерді АҚШ үкіметі қаржыландырған деген қауесеттердің жалған екенін айтты. АҚШ үкіметі қандай да бір наразылықтарды қаржыландырмайды, бірақ Құрама Штаттарындағы және әлем елдеріндегі сөз бостандығы құқығын қолдайды", - делінген елшіліктің хабарында.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай