24 шілде 2018 12:37

ІІМ өкілдері Денис Тенді өлтірді деген күдіктілерге қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Владимир Дмитриев ©Владимир Дмитриев

Ішкі істер министрлігінің өкілдері Денис Теннің өліміне қатысты тергеудің қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрлігінің өкілдері Денис Теннің өліміне қатысты тергеудің қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистерге арналған брифинг барысында ішкі істер министрінінің орынбасары Рашид Жақыпов сөз сөйледі.

"Шынымды айтайын, біз әлеуметтік желілер мен БАҚ-тарда жарияланып жатқан пікірлерді оқимыз. Айтқым келетіні, полиция бірден көрінген адамдарды ұстады деген мәлімет шындыққа жанаспайды. Расында да осы қылмысты жасаған адамдар ұсталды. Бізде олардың осы қылмысқа қатысы бар екенін көрсететін бұлтартпайтын дәлелдер бар", - деді ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов.

Мұның алдында Денис Тенді нақты кім пышақтағаны айтылған болатын. Алматы полицейлері Денис Теннің өліміне қатысты тергеудің қалай жүргізіліп жатқанын айтып берген еді.

Еске салайық, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Кейінірек қоғам белсенділері ІІМ мен ІІД басшылығын ауыстыруды талап ететіндерін мәлімдеген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети