10 қаңтар 2022 15:11

ІІМ өкілдері қайтыс болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:polisia.kz Фото:polisia.kz

Ішкі істер органдарының қызметкерлері қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 


Ішкі істер органдарының қызметкерлері қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев үндеу жасады.

"Бейбіт азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және лаңкестердің шабуылына тойтарыс беру кезінде қарулы қылмыскерлердің қолынан ішкі істер органдарының 8 қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қаза тапты. Олар азаматтардың қауіпсіздігін сақтап, тыныштығын қорғауда өздерінің қызметтік, әскери борыштарын атқарып, батырлық пен ерлік көрсетті. Қаза тапқан әріптестер бүкіл Қазақстан халқының жүрегінде мәңгі сақталады", - деді жеке құрамға арнаған сөзінде Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев.

Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери және қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, сондай-ақ, мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерліктері үшін қаза тапқан:

ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен

  • Барғанаев Дархан Ермекұлы - Алматы облысы полиция департаменті жедел әрекет ету арнайы жасағының инспекторы

  • Сланбеков Рахат Нұрбайұлы - Жамбыл облысы Тараз қалалық полиция басқармасы 1-ші полиция бөлімінің учаскелік инспекторы

ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен

  • Алмасов Нұрболсын Ғаниұлы - Алматы қаласы Полиция департаментінің полицей-жүргізушісі

  • Аманов Айбат Ерболұлы - ІІМ Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының 5514 әскери бөлімінің әскери қызметшісі

 Асылханов Ален Мұхитұлы - Алматы қаласы Полиция департаменті Алмалы аудандық полиция басқармасының полицей-жүргізушісі

  • Ержанов Ербол Тілеубекұлы - Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЛА-155/16 мекемесінің аға бақылаушысы

  • Қамбетов Ринат Талғатұлы - Алматы қаласы Полиция департаменті Алмалы аудандық Полиция басқармасының полицей-жүргізушісі

  • Қайсаров Мадияр Оразалыұлы - Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының 5547 әскери бөлімінің әскери қызметшісі марапатталды.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети