29 маусым 2022 12:06

ІІМ шекарада табылған қыз бала туралы хабарламаға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: elements.envato.com Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

WhatsApp-та Қазақстанның шекарасында табылған қыз туралы ақпарат тарады. Біреулер оны ұрламақ болған, бірақ кеденде тастап кеткен делінді. Stopfake.kz ақпаратты тексеріп көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ІІМ Кедендік бақылау пунктінің өкілдері жоғалып кеткен бала туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Еліміздің өңірлерінде мұндай жағдай тіркелген жоқ. Бұл фейк ақпарат", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Stopfake.kz хабарламада жалған ақпараттың белгілері бар екенін жазды.

"Мәтінде бала табылған нақты жер де, баланы фотосуреттен таныған адамдар хабарласуы тиіс нөмір де көрсетілмеген. Демек, таратылған ақпаратқа сенудің қажеті жоқ", - деді олар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети