1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

ІІМ Тұрғымбаевты әшкерелейтін хабарламаға қатысты пікір білдірді 01 желтоқсан 2020, 15:17

Мессенджерлерде полиция полковнигі Тұрлыбек Ахметовтің атынан жазылған хабарлама тарап жатыр. Мәтін авторы ІІМ вице-министрі болып тағайындалмаса,

Мессенджерлерде полиция полковнигі Тұрлыбек Ахметовтің атынан жазылған хабарлама тарап жатыр. Мәтін авторы ІІМ вице-министрі болып тағайындалмаса, әшкерелейтін хабарламаны жариялаймын деп жазған. Министрлік бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп жазады Stopfake.kz.

Хабарламада ІІМ-нің қазіргі қызметкерлері Тұрлыбек Ахметов пен Сергей Варгоның аты-жөні көрсетілген, бірақ олардың бұған еш қатысы жоқ.

"30 қарашада ІІМ қызметкерлері Т.Ахметов пен С.Варго әлеуметтік желілерде олардың есімдерін пайаланып, шындыққа жанаспайтын, жала таққан мәліметтерді жариялаған адамдарды анықтап, қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы өтініш жазды.
Аталған факті бойынша ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады және БАҚ-та көрінеу жалған ақпарат таратуға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша шаралар қабылдануда", – делінген ІІМ ресми хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!