11 қаңтар 2023 10:29

Мәжіліс депутаты Бейсенбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Парламент Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға Конституцияның 52-бабына, "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық Заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Мәжіліс депутаты Е.Бейсенбаев өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр", - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.

Жалпы отырыста палата депутаттары аталған ұсынымға дауыс беріп, Е.Бейсенбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети