Мәжілісте ChatGPT ығыстырып жатқан мамандықтарға берілетін гранттар сынға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжілісте ChatGPT ығыстырып жатқан мамандықтарға берілетін гранттар сынға алынды Фото:depositphotos.com/ jypix

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Қазақстандағы білім беру гранттарын бөлу жүйесі ескіргенін және алдағы жылдары жасанды интеллект қай мамандықтарды өзгертуі немесе ығыстыруы мүмкін екенін ескермейтінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәжілісмен бұл мәселені үкімет сағатында көтерді.


Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Қазақстандағы білім беру гранттарын бөлу жүйесі ескіргенін және алдағы жылдары жасанды интеллект қай мамандықтарды өзгертуі немесе ығыстыруы мүмкін екенін ескермейтінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәжілісмен бұл мәселені үкімет сағатында көтерді.

Аймағамбетовтің айтуынша, мемлекеттік білім беру тапсырысы маңызды құрал болып қала береді, бірақ гранттарды бөлу формуласының өзі ЖИ пайда болғанға дейін жасалған және алдағы жылдары қай мамандықтардың автоматтандыруға ұшырайтынын есепке алмайды.

"Бұл дұрыс саясат болды, бірақ осы гранттарды бөлу формуласы жасанды интеллект пайда болғанға дейін құрылған. Ал онда "3 жылдан кейін қай мамандықтарға автоматтандыру қаупі төнеді?" деген сұраққа жауап жоқ", - деді депутат.

Ол 2025 жылы талапкерлер арасында ең жоғары конкурс аударма ісі (бір орынға 16 адам), халықаралық қатынастар (бір орынға 13 адам) және құқықтану (бір орынға 8 адам) мамандықтары бойынша болғанын атап өтті.

"Егер ChatGPT пайда болғанға дейін мұндай бөлініс қисынды көрінсе, қазір ол ескірген сияқты болып көрінеді".

Аймағамбетовтің айтуынша, бұл ЖИ бірінші кезекте автоматтандыратын бағыттар. Аудармашылар мен төменгі буын заңгерлері өзгерістерге өте сезімтал.

Оның сөзінше, бұл ретте нақты экономика үшін аса маңызды бағыттар сұраныссыз қалып отыр. Ол мысал ретінде мал шаруашылығын (бір орынға 0,15 адам) және металлургияны (бір орынға 0,07 адам) келтірді.

Аймағамбетов IT-кадрларын даярлау туралы да пікір білдірді. Оның айтуынша, соңғы жылдары Қазақстан IT саласына "болашақ мамандығы" ретінде ондаған мың грант бөлді, алайда нарық қазірдің өзінде өзгеріп жатыр.

"Бәлкім, 5–10 жыл бұрын бұл түсінікті болған шығар. Бірақ зерттеу мәліметтеріне сәйкес, 20–25 жастағы жас әзірлеушілердің жұмыспен қамтылуы былтырдың өзінде 20 пайызға жуық төмендеген. Яғни, жасанды интеллект кодты өзі жазып жатқан кезде, біз кодерлер армиясын дайындап жатырмыз. Бүгінде жай ғана кешегі типтегі кодерлерді даярлау жеткіліксіз. Бізге басқа құзыреті бар мамандар қажет", - деді депутат.

Мән-жайы

Қазақстанда білім берудегі жасанды интеллект тақырыбы жиі көтеріліп жатыр. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, ЖИ-мен жұмыс істеу дағдысы жоқ оқытушылар студенттерді тиімді оқыта алмайды.

Сондай-ақ Қазақстанда білім беру жүйесіне ЖИ енгізу жалғасып келеді. Соның ішінде билік ChatGPT Edu пилоттық жобасын дайындады, оның аясында 200 мың педагог жасанды интеллект құралдарына қол жеткізуі тиіс.

2025 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі пайда болды. Ол бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі негізінде құрылды.

Бұдан соң Мәжіліс жасанды интеллектіні қолдануды реттейтін заң қабылдады. Құжат ашықтық, адам құқықтарын қорғау принциптерін белгілейді, нейрожелілерге құпия ақпаратты беруді шектейді және дипфейктерді таңбалауды енгізеді деп хабарланды.

Бұдан бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектінің көптеген салаға еніп жатқанын, ал бүгін сұранысқа ие мамандық ертең қажетсіз болып қалуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ ол жаңа жағдайда жұмыс берушілер тек дипломға емес, адамның бейімделу және үнемі оқу қабілетіне де назар аударатынын атап өткен еді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 460.8   543.38   6.16 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер