09 желтоқсан 2017 15:54

Маман "жаңа әліпбимен" араб жазулы мәтіндерді транскрипциялау қиыншылықтары туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жазуымызды латын графикасына көшіру мәселесі бірнеше рет көтерілді. Бұл мәселені алғаш рет көтерген белгілі түркітанушы, академик Ә.Қайдар "латын әліпбиіне көшу - өмір талабы, болашағы жарқын өркениетті ел болудың алғышарттарының бірі", - деген болатын. Міне, бүгінде ғалымның 25 жыл бұрын айтқан әліпби турасындағы келелі пікірлері мен ұсыныстары дәлелденіп, бүгінгі қазақ қоғамының да бұл реформаға дайын екендігі аңғарылады. Үстіміздегі жылы елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен 26-қыркүйекте латын графикасына негізделген "Жаңа қазақ әліпбиі" қабылданып, бекітілді. Ал сәуір айында елбасымыздың жарияланған "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында латын әліпбиіне көшуге байланысты нақты шешімдерін атап көрсетті.Мақалада елбасымыздың "Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек" деуінің мәнісін терең түсінген абзал. Осындағы «жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды" дегені - Орхон-Енисей түркі руникалық ескерткіштеріміз, араб жазулы ортағасырлық мұраларымыз. Яғни тамыры тереңде жатқан түркі дүниесіне ортақ жазба мұраларымызды қадірлей отырып, кемелдендірудің бағдарын жасауымыз керек. Олай болса біз тек 1940 жылдан бергі қолданып жүрген бүгінгі кирилл әріптерімен таңбаланып жүрген мәтіндер мен том-том мұраларымызды көшіріп қана қоймай, сонау X-XIII ғасырлар аралығындағы араб қаріптерімен жазылған бай тарихи жазба мұраламыздың бар екенін ескеріп, сол мәтіндерді латын қаріпіне түсірудің қажеттілігі мен маңыздылығы зор екенін атап өткеніміз келеді. Яғни руна, араб, латын әліпбиінде жазылған баға жетпес мұраларымыз бүгінгі күні қабылданып отырған латын қаріптеріне түсірілсе, кеңінен зерттеуге мүмкіндік алар еді және өзге түркі бауырлас елдерімізбен өзара жазба бірегейлігімізді, рухани-мәдени байланысымызды одан әрі күшейтіп, ынтымақтастығымызды арттырар едік. Себебі қаншама шаң басып жатқан еңбектер көпшіліктің кәдесіне асырылмай, ізденушін күтіп жатқаны жасырын емес.

Жасыратыны жоқ, кеңес дәуірінде түркітілдес ұлттардың мүддесі табанға тапталып келгені ақиқат. Түркі тілдерінің ортақ тіл кеңістігін жою арқылы Кеңестер Одағы осы халықтарды мәдени отарлау саясатын жүргізіп келді. Араб жазулы мәтіндер кирилше транскрипцияланып, түркі тілдернің дыбыстық жүйесін толық бейнелей алмады. Содан бір сөздің әртүрлі транскрипциялануына ықпал етті. Ол бүгінгі күні қазаргі қазақ тіліндегі араб және парсы сөздерінің әртүрлі айтылып, әртүрлі таңбаланып жүргенінің бір себебін осыдан іздеу керек секілді. Осымен байланысты әр дәуірдегі жазба ескерткіштер мәтіндерін лингвистикалық принциптерге негізделген латын графикасымен транскрипциялаудың өзіндік артықшылықтарын атап өткеніміз келеді: 

біріншіден, түркі халықтарының ортақ жазба мәдени, рухани құндылықтарды жаңғыртуына, интеграциялануына жол ашады;

екіншіден, бұрын-соңды араб жазуымен жазылған мәтіндер шетел (қытай қазақтарынан басқа) қазақтары үшін түсініксіз болса, жазба мәтіндер латын қаріптеріне көшірілген жағдайда оқуға, зерттеуге қолжетімді болады;

үшіншіден, әсіресе, тарих және филология мамандығында оқитын студенттер араб жазулы мәтіндерді латын графикасымен оқи алады, өздеріне қажетті құнды мәліметтер ала алады.

Әрине сан ғасырлық араб жазуымен жазылған барлық мұраларымызды латын қаріпіне бірден көшіру оңай болмас. Бұл қыруар еңбек пен уақытты қажет етеді және осы саладағы білікті түркітанушы мамандардың қатысуымен жасалатын кешенді жұмыс. Дегенмен латын графикасына негізделген жаңа әліпби түркі халықтарына ортақ араб жазулы мәтіндерді транскрипциялауда қаншалықты тиімді? деген мәселе туындайды.

Жаңа әліпбиде тоғыз дыбыс(а᾿,o᾿, i᾿, y᾿,u᾿,g᾿, n᾿, s᾿, c᾿) апострофпен берілген. Апострофпен берілген әліпби түркі тілдерінің, оның ішінде қазақ тілінің дыбыстық қорын көрсете ме? Оны біз зерттеу нысанымызға алып отырған Қадырғали Жалайырдың «Жамиғ-ат тауарих» пен Әбілғазы ханның "Түркі шежіресі" жазба ескерткіштері негізінде талдап көрдік. Мәтіндегі қолданылған араб әріптерін қабылданған латын графикасына негізделген "Жаңа қазақ әліпбидегі" графемаларға салып көрдік.

Мысалы, Латын графикасы негізіндегі "Жаңа әліпбиі" бойынша терілген Әбілғазының "Түркі шежіресі" мәтінінің графикалық тұрпаты мынадай болады: C᾿yn᾿yz xannyn᾿ aba y᾿aajdadlaryny y᾿a y᾿ala i᾿at laryny kim ha᾿ r y᾿ala i᾿atlarda pads᾿ahlyq qylyb tururlar may᾿araxlar tu᾿rki y᾿a farsy tili birla᾿n anlarynyn᾿ barc᾿elarynyn᾿ ty᾿g᾿an y᾿ao᾿lgen tarixlaryny iaxs᾿y y᾿aiamanlyq qylqan i s᾿lerinibitib tururlar.

Латын графикасы негізіндегі А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұлттық әліпбиі бойынша терілген Әбілғазының "Түркі шежіресі" мәтінінің графикалық тұрпаты мынадай:

Cɪŋɪz xannɪŋ aba waajdadlarɪnɪwa walaiatlarɪnɪ kim här walaiatlarda padşahlɪq qɪlɪb tururlar mawaraxlar türkiwa farsy tili birlän anlarɪnɪŋ barcelarɪnɪŋ twǧan wa ölgen tarixlarɪnɪ iaxsɪ wa iamanlɪq qɪlqan işlerinibitib tururlar

Байқағанымыздай, апострофпен берілген таңбалар кез келген қазақ мәтіндерін оқуға да, жазуға қолайсыздық тудыртып отыр. Бұл мәселе араб жазулы мәтіндерін латынға көшіруде де тиімсіз. Мәселен, зерттеу нысанымызға алып отырған ескі қазақ жазба нұсқаларына қатысты XVI-XVII ғғ. жазылған Қадырғали Жалайырдың "Жамиғ-ат тауарих" пен Әбілғазы ханның "Түркі шежіресі" жазба ескерткіштерін қыпшақ диалектілеріне қатыстылығын дәлелдеу үшін, қыпшақ лексикасына тән сөздерді қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына жақындатып транскрипциялауды қажет етеді. Осындай мәтіндерді қазіргі қабылданған қазақ латын әліпбиімен транскрипциялауда бірқатар лингвистикалық қиындықтарға кезігетінімізді атап өткеніміз жөн секілді:

- латын графикасына негізделген түркі тілдеріндегі сабақтастық сақталмаған. Мысалы, g᾿, n᾿, s᾿ o᾿ қазіргі түркі тілдерінің дыбыстық қорында кездеспейді. Бұл түркі халықтарымен өзара жақындастырмайды, жалпытүркілік интеграцияны күшейтпейді;

- g᾿, n᾿, s᾿, c᾿ апострофтардың ескі жазба мәтіндерде шектен тыс берілуі - мәтінтануда қолайсыз;

- араб жазулы мәтінді латын қаріпіне түсіргенде, апострафы бар сөздер уақытсыйымдылығы мен қуатсыйымдылығының деңгейін күшейтеді;

- сөйлем ішіндегі апострофты сөздердің жеке сөз екенін ажырату үшін бос орынның (пробел) түймешесін екі рет басып отыруды талап етеді, өйткені сөздердің ара-жігі ажыратылмаса, оқуға, талдауға қиындық келтіреді;

- ескі жазба мәтіндерде уа жалғаулығының қолдану жиілігі жоғары. Апострафпен белгіленетін бұл жалғау сөйлем ішіндегі сөздердің ара-жігін ажыратуға қиындық келтіріп отырады;

- бірге оқитын сөздерді бөлек оқуға ұрындырады, яғни сөздерді образды түрде қабылдап, тұтастай оқуға мүмкіндік бермейді

- апострофты мәтіндер лингвотекстологиялық жұмыстарға кері әсер етеді;

- апостраф түркі ортағасырлық мәтіндерінде айн графемасын беру үшін қолданылған. Мысалы,ma᾿lu᾿m.Көріп отырғанымыздай, айн графемасымен келетін сөздің құрамына тағы да апострафпен берілген графемалар қосылса, мәтінтануға кері әсер етеді;

- әсіресе, апострафты графемалардың қазақ тілінің тілдік заңдылығына сәйкес транскрипцияланғанда аса ұтымды шыға бермейді:

Араб Кирилл Латын

ﺕﺭﻮﺼ

сурет su᾿ret

ﻣﻌﻟﻮﻡ

маалүм ma᾿lu᾿m.

ﻗﻳﺎﻦ

қиян qı᾿ ı᾿an

ﭽﻨﻛﻳﺯ

Чыңыз С᾿y n᾿yz

ﺍﻮﱢﻝ

аууал аy᾿y᾿al

ﺍﻮﭽﻮﻨﭽﻰ

учінчі u᾿c᾿y᾿nc᾿i

Сондай-ақ, "Жаңа әліпбиде" лингвистикалық комиссия мүшелері (проф. Ә.Жүнісбек, проф. Н.Уали, проф. М.Жүсіпов, проф. З.Базарбаева,) ұсыныстары бойынша әзірленген латын графикасына негізделген қазақ ұлттық әліпбиін құру принциптері ескерілмеген.

Сонымен араб жазулы ортағасыр мәтіндерін латын қаріпімен берудің тиімді жолдарын ұсынып отырмыз:

·дауысты дыбыстарға қатысты а᾿,o᾿, i᾿, y᾿,u᾿ орнына ä,ö, w, і, üдауыссыз дыбыстарға қатысты g᾿, n᾿, s᾿ орнына ŋ, ĝ, şграфеларымен таңбалауды жөн санаймыз. Себебі бұл таңбалар қазіргі түрікмен, әзербайжан, татар, башқұрт, құмық, қарақалпақ, ноғай, қырғыз, алтай, қарашай, өзбек, ұйғыр, т.б. көптеген түркі тілдерінің дыбыстық қорында кездеседі. Егер де тіл элементтерін толық әрі нақты берсек, оның оқу мен жазуға қолайлылығы, техникаға бейімділігі арта түседі.Осы ретте әліпби құрастыруда қазақ ұлттық жазуымыздың реформаторы А.Байтұрсынұлының мына сөздерін үнемі есте ұстау керек сияқты: "Жақсы әліпби тілге шақ болуы керек. Жақсы әліпби жазуға жеңіл болуға тиіс, әліпбидің әріп суреттері қиын болса, мүшелері көп болса, жазуды ұзақтатып, уақытты көп алады. Әліпбидің жақсысы баспа ісіне қолайлы болуы тиіс. Әрпі тізілгенде оңай тізілетін, басқанда орынды аз алатын әліпби баспасөзді арзандатады. Жақсы әліпби үйренуге де қолайлы болуы тиіс. Әріп сара жазуға оңай, баспасы мен жазбасының суреті жақын әліпби үйренуге жеңіл болады. Жақсы әліпбиге лайық бұл төрт сипатқа келмейтін әліпбидің бәрі де кемшілікті әліпби болмақ";

· түркі халықтарын бірегейлендіру үшінортақ жазба мұраларға қатысты латын қаріптерімен жалпытүркілік әліпбидің жобасын құру. Бұл мәселе 2012 жылы Түркияда Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия елдері бірігіп құрғанТүркі кеңесінде көтерілді. Онда 40-қа тарта түркі жұртының тіліндегі рухани-мәдени, тарихи-әдеби мұраларды ортақ таңбамен транскрипциялау мәселесі айтылды;

· ислам тарихы, өнері мен мәдениеті ғылыми зерттеу орталығының бас директоры Халит Ерен: « ...Араб графикасымен жазылған мұраларды жаңа әліпбиге ауыстыратын компьютерлік бағдарлама жасау керек", - деді. Расында да, латын графикасымен жасақталған бүкіләлемдік компьютер жүйесі жұмыс істейді. Осы коммуникациялық кеңістікте түркі халықтарына ортақ жазба мұраламыздың мәтіндерін теріп, енгізудің лингвистикалық программалаудың жолдарын қарастыру қажет. Әрине, бұны "Қазақ тілінің Ұлттық корпусы" жобасы аясында орындауға болады. А. Фазылжанова бұл жайында: Қазақ тілінің ұлттық корпусының басқа тіл корпустарынан үлкен ерекшелігі - оның мәдени семантиканы көрсетуінде дейді. Бұл бүгінгі жағдайда өте маңызды. Алдағы уақытта Корпусты жасауға қаражат бөлініп жатса, біз корпусты тілтанушының құралы ретінде ғана емес, халықтың өзін танушы құралы ретінде бергіміз келеді. Өйткені қазіргі заманда қазақтар өз ана тілінде сақталған ұлттық рухани, мәдени құндылықтардан, маңызды ақпардан бейхабар болып бара жатыр. Қазақтың көп сөзінің шын мәніндегі терең мағынасы жоғалып бара жатыр, тіліміздің өзінің о бастағы түпқазығы болған ұлттық ұғым, түсінік, дүниетаным көмескі тартып бара жатыр. Міне, мәдени семантикасы бойынша белгіленіп қойылған тіл корпусы арқылы халық өзін тануға мүмкіндік алады. Ұлттық тілдің корпусы тек қазіргі заманғы мәтіндердің базасы емес. Ұлттық корпус болу тарихи субкорпустың болуы шарт, тарихи кезеңдердегі сол тілдің көрінісін білдіретін мәтіндердің белгіленім қойылған базасы болу керек. Мәселен, ол база болса, 16, 17, 18-ғасырлардағы қазақ тілінен хабар ала аласыз немесе бір сөздің тарихи кезеңдердегі көрінісін таба аласыз", - дейді.

Қазақ тілінің ұлттық корпусында қазіргі қазақ тілі тарихының әртүрлі кезеңдері жазба мұраларынан, тіл тарихынан, сөздің этимологиясынан, т.б.тілтанымдық тұрғыдан ақпарат беретін мәліметтер жиналады;

· түпнұсқадағы негізгі араб қаріптерімен жазылған нұсқа мен латын қаріпіне түскен қатар берілу керек. Бұл мәтін тілін зерттеу үшін де, салыстыру үшін ыңғайлы болады;

· әр ескерткіштің мерзімі мен жазу түрлері ескеріліп, латын графикасына көшірудің транскрипциялық ұстанымдары, орфографиялық мәселелері қарастырылуы керек;

· әр ескерткіштің мультимедиялық дерекнұсқасы жасалып, көпшілікке қолжетімді болуы керек.

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері Сейтбекова Айнұр Аташбекқызы

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети