13 шілде 2020 18:52

Мамандар қазақстандықтардың шетелден келу ережелерін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Санитар дәрігерлер қазақстандықтардың шетелден келу ережелерін түсіндірді. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіндегілердің айтуынша, әр азамат үйіне қайту не қайтпауды өзі шешеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Санитар дәрігерлер қазақстандықтардың шетелден келу ережелерін түсіндірді. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіндегілердің айтуынша, әр азамат үйіне қайту не қайтпауды өзі шешеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Санитар дәрігерлер қазақстандық туристер үйіне келген кезде карантин шараларын орындау керегін ескертті. Бұл ережелер ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігердің 2020 жылғы 24 маусымдағы қаулысында жазылған.

Құжатта дене қызуы көтерілген тұлғалар екі тәулікке провизорлық стационарға жатқызылатыны жазылған. Сол уақыт аралығында одан COVID-19 анықтайтын тест алынады. Егер оң нәтиже шықса, онда инфекциялық стационарға ауыстырылады. Ал қалған жолаушыларға коронавирустың симптомдары болуы мүмкін деп ескертіледі.

Мұндай ережелер ТМД елдерінен теміржол, теңіз, өзен және автомобиль көлігімен келетіндерге де қатысты болады.

Халықаралық рейстерде келген, бірақ COVID-19 анықтайтын тесті жоқ жолаушыларға 48 сағат ішінде ПТР тест тапсыру міндет екені туралы хабарлама береді. Сондай-ақ жолаушылар келген қаласында 14 күн бойы үйдегі карантинде қалуы керек.

"Тиісті аймақтың көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігерінің аймақтағы және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты шетелден келген жолаушыларды карантинге жатқызу туралы шешім шығаруға құқығы бар", - деп жазылған құжатта.

Айта кетейік, шетелден келген жолаушылар туралы барлық дерек ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы интернет-қосымшасында жинақталады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети