04 ақпан 2021 17:18

Мамин Алматы облысының даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.


ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Көлік және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту, туризм және инвестициялар тарту, қоршаған ортаны қорғау, өңірде "Ауыл - Ел бесігі" жобасын іске асыру мәселелері қаралды. 2030 жылға дейінгі Алматы агломерациясын дамытудың өңіраралық іс-шаралар жоспарын іске асыру мәселесіне ерекше назар аударылды.

2020 жылдың қорытындысы бойынша облыста өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 2,3 пайызға, 1,3 триллион теңгеге дейін, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 2,7 пайызға (машина жасау 31 пайызға, фармацевтика 10 пайызға, тамақ өнімдері 3,5 пайызға, сусындар 2,3 пайызға, қағаз өндірісі 1,1 пайызға) өсті.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,3 пайыз өсіммен 917,8 миллиард теңгеге жетті. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптары 6,9 мың гектарға ұлғайып, 968,5 мың гектар құрады. Мал басы 5,1 пайызға артты, ет және сүт өндірісі тиісінше 2,2 пайызға және 3,2 пайызға өсті.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 4 пайызға 680,7 миллиард теңгеге дейін өсті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 310,2 миллиард теңгені құрады (+6,8 пайыз), 957 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді (+6,9 пайыз).

Бүгінгі таңда облыстың инвестициялық портфеліне 44 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құра отырып, 5,4 триллион теңгеге 546 жоба кіреді. Биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын аша отырып, 118 миллиард теңгеге 62 жобаны іске асыру жоспарлануда. Алматы облысының Іле ауданында жалпы қуаты жылына 220 мың тонна болатын екі қоқыс өңдеу зауытының құрылысы басталады.

2020 жылы туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 21 миллиард теңгені құрады, бұл республикалық көлемнің 14,5 пайызын құрайды. Биыл облыста 685 км туристік маршрут пен соқпақтарды абаттандыру, 2,6 миллиард теңге сомасына туристерді орналастыратын 18 орынды пайдалануға беру жоспарланған.

"Алматы облысы экономикасының негізгі секторларында оң даму динамикасы сақталды. Өңір АӨК, көлік және логистика, туризм және өнеркәсіп салаларында елеулі әлеуетке ие. Облыс Алматы қаласының азық-түлік белдеуі болып саналады. Жаңа жобаларға салынатын инвестициялар көлемін арттыру арқылы Алматы облысын одан әрі дамытуға едәуір серпін беру қажет", - деді Мамин. Үкімет басшысы Алматы облысын дамытудың жоспарланған барлық жобаларын уақытылы әрі сапалы жүзеге асыруды тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети