08 тамыз 2020 18:04

Мамин Ғарыштық байланыс орталығына барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: primeminister.kz Сурет: primeminister.kz

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Ақмола облысының Ақкөл қаласына жұмыс сапары кезінде "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында "ақылды қалалар" жобаларын іске асыру барысын, сондай-ақ ұлттық ғарыштық байланыс жүйесінің дамуын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.


ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Ақмола облысының Ақкөл қаласына жұмыс сапары кезінде "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында "ақылды қалалар" жобаларын іске асыру барысын, сондай-ақ ұлттық ғарыштық байланыс жүйесінің дамуын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.

Үкімет басшысы "ақылды қалалардың" заманауи технологияларын енгізу бойынша "SmartAqkol" жобасының өзегі болып отырған "Қазақтелеком" АҚ-ның Ахуалдық орталығының және Деректерді өңдеу орталығының жұмысымен танысты.

Жоба "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында жолдағы және қоғамдық қауіпсіздікті, оның ішінде білім беру мекемелері мен нысандарындағы бейнебақылау, денсаулық сақтау саласындағы мониторинг пен басқару, сондай-ақ ғимараттар мен тұрғын үйлерді жаңа буынның "ақылды" жабдықтарымен жабдықтау арқылы қаланың қалыпты тыныс-тіршілігін кешенді қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды.

"Ақкөл" ғарыштық байланыс орталығын аралау кезінде премьер-министрге "Kazsat" ұлттық ғарыштық байланыс жүйесінің дамуы туралы баяндалды, бұл байланыс жүйесі "KazSat-2", "KazSat-3" қос жерсерігінен және Ақмола облысындағы "Ақкөл" және Алматы облысындағы "Көктерек" қос жерүсті басқару кешенінен тұрады. "Ақкөл" ғарыштық байланыс орталығының құрамына ғарыш аппараттарының ұшуын басқару орталығы, мониторингті басқару орталығы, аппараттық-бағдарламалық және метрологиялық қамтамасыз ету орталығы, инфрақұрылымды пайдалану қызметі кіреді.

Қазіргі кезде "KazSat" байланыс жерсеріктерінің қызметін 16 негізгі қазақстандық байланыс және тарату операторы пайдаланады. "KazSat" ғарыштық байланыс жүйесінің жүктемесі 73 пайызға жуық.

Сапарға премьер-министрдің орынбасары Р. Скляр, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Б. Мусин, Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев, "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қ. Есекеев және басқалары қатысты. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети