06 маусым 2020 15:14

Мамин мемлекеттік комиссия отырысын өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 


ҚР премьер-министрі Асқар Мамин экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қарағанды облысы Саран қаласындағы бұрынғы резина техника бұйымдарының зауыты базасында ірі өнеркәсіп жобаларын іске асыру мәселелері қаралды. 

Атап айтқанда, "Yutong" маркалы автобустар мен арнайы техниканы құрастыруды ұйымдастыру жоспарланған. Жобаға салынатын инвестиция көлемі 22 миллиард теңгені құрайды, кәсіпорынның жобалық қуаттылығы - жылына 1 200 автобус және 500 бірлік арнайы техника мен арнайы көлік.

Сонымен қоса "Doublestar" маркалы автомобиль дөңгелегін өндіру жолға қойылады. Жобаға 56 миллиард теңге инвестиция салып, жыл сайын жеңіл көлік үшін 3 миллион дөңгелек және коммерциялық техника үшін 500 мың дөңгелек шығару көзделген.

Сонымен қатар резина техникасы зауыты алаңында дайын өндірістік ғимараттар кешені (Ready Built Factory) құрылады, онда шағын кәсіпкерлер индустриялық жобаларды, оның ішінде құраушы бөлшектер мен компоненттерді өткізетін болады. 

Отырысқа қатысушылар сонымен қатар Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының агрохолдингтерінің инвесторларына мемлекеттік қолдау көрсету, 2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының қызметі және т.б. мәселелерді қарастырды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети