Мамырдың басында Қазақстанда жаңбыр жауып, үсік жүреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мамырдың басында Қазақстанда жаңбыр жауып, үсік жүреді Фото:depositphotos.com

2–4 мамыр аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктердің болжамынша, еліміздің өңірлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


2–4 мамыр аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктердің болжамынша, еліміздің өңірлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жауын-шашын мол болады, ал 4 мамырда елдің солтүстік-батысында да нөсер жаңбыр күтіледі. Бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін. Түнгі және таңғы уақытта республика бойынша тұман түседі деп болжанды.

Сонымен қатар, бірқатар өңірде үсік сақталады. Түнде елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталық бөлігінде термометр бағаны -3 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Күндіз ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. Батыста +17…+32, солтүстік-батыста +15…+30, солтүстікте +15…+23, ал орталықта +17…+27 градусқа дейін жылиды.

Ал елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында күндізгі температура тиісінше +14…+25 және +13…+23 градусқа дейін төмендейді деп болжанады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 463.09   541.61   6.19 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер