22 желтоқсан 2020 17:07

Маңғыстау облысында карантин күшейтіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

25 желтоқсаннан бастап Маңғыстау облысында карантин күшейтіледі. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


25 желтоқсаннан бастап Маңғыстау облысында карантин күшейтіледі. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, өңірде коронивирус жұқтырғандар санының артуына байланысты облыстық жедел штаб жаңа қаулы дайындап жатыр.

Қаулыға сәйкес, Маңғыстау мен Атырау облыстарының арасында санитарлық пост қойылады. Яғни Бейнеу ауданы Боранқұл елдімекенінде өңірге өткізіп-шығару шаралары күшейтіледі. Оған Атырау облысының "қызыл аймаққа" кіруі себеп болған.

"Маңғыстау мен Атырау арасындағы әдеттегідей емін-еркін қатынас тоқтатылады. Осы бағытта қозғалу азық-түлік, дәрі-дәрмек секілді маңызды тауарларды тасу үшін немесе жұмыс бабымен жүрген азаматтарға ғана рұқсат етіледі. Атырау облысының аумағында вахталық әдіспен жұмыс істейтін өңір тұрғындары 2 облыстың аумағынан еркін өте алады. Олардан ПТР-тесттің нәтижесі сұралмайды. Алайда Атыраудың аумағына өтуге рұқсат етілген азаматтар Маңғыстауға кері қайтар кезде санитарлық бекетте анкета толтыруға міндетті. Себебі, олар әрі қарай медициналық бақылауда болады ", - деді ол өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте.

Жаңа қаулыға сәйкес, азық-түлік және азық-түлік емес, ашық, жабық базарлар қызметі сағат 18:00-ге дейін қысқарады. Сауда ойын орталықтары, гипермаркеттер, супермаркеттер сағат 22:00-ге дейін жұмыс істей алады.

Кинотеатрларға тек сағат 20:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі.
Сонымен қатар, корпоративтік шаралар, той, балаларға арналған ертеңгіліктер мен тағы басқа бұқаралық жиындар және отбасылық бас қосуларға қатаң тыйым салынады. Карантин талаптарының орындалуы ұдайы мониторинг топтарының бақылауында болады.

Осыған дейін қонақүй, хостел нысандар 70 пайыз толықтырумен жұмыс істесе, енді бұл мекемелер тек 50 пайыз сыйымдылықпен қызмет көрсетуге міндетті.

Өндіріс орындарынан басқа, кеңсе басшылары қарамағындағы қызметкерлерінің 70 пайызын қашықтан жұмыс істеуге көшіруі тиіс.

Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Ғазиз Надуевтың жаңа қаулысы дайындалып жатыр. Құжат қоғамдық коммуникация орталығының әлеуметтік желідегі парақшалары мен БАҚ беттерінде жарияланады.

Айта кетейік, соңғы аптада өңірде коронавирус жұқтырғандар саны 10-нан 17-ге дейін өскен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети