17 шілде 2023 09:36

Маңғыстау облысында көшеде жаппай төбелес шығарғандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Маңғыстау облысы Бейнеу ауылындағы Тәжиев көшесінің бойында екі топ жігіт арасында төбелес шықты. Оқиға 15 шілдеге қараған түні таңғы сағат 03:30 шамасында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары 24-25 жас аралығындағы алты күдіктіні анықтап ұстады.

"Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі "Бұзақылық" (атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған іс-әрекеттер) бойынша Бейнеу аудандық полиция бөлімінің соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (СЖБ) тіркелді", - деді полиция қызметкерлері.

Жаппай төбелеске қатысушылар үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектелуі немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети