15 мамыр 2022 20:31

Маңғыстау облысында мұғалімдерден ақша жинаған мектеп директоры жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы мектептердің бірінің мұғалімдері облыстағы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне шағым түсірді, - деп хабарлайды Inaktau.kz.


Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы мектептердің бірінің мұғалімдері облыстағы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне шағым түсірді, - деп хабарлайды Inaktau.kz.

Бұл туралы облыстық қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте айтылды.

"Мұнайлы ауданындағы бір мектепте директор мұғалімдерден ақша жинап, қызметтік міндеттеріне кірмейтін жұмысқа тартқан. Салдарынан директорға ескерту түріндегі жаза қолданылды", - дейді Маңғыстау облыстық Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Есболат Өмірзақ.

2021 жылы департаментке мұғалімдерден құқығы бұзылғаны туралы төрт арыз түскені атап өтілді.

Арыздың бірінде мұғалім заңсыз жұмыстан босатылғаны айтылған. Бұл арыз департамент жанынан құрылған консультативтік-кеңесші органда қаралды. Кейін өтініш қалалық білім бөліміне жіберілген, артынша мұғалім жұмысына оралды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети