Маңғыстау облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері шетел азаматтарына тіркеу, уақытша болу мерзімін ұзарту және ХҚКО арқылы рұқсат алу бойынша жалған қызметтер көрсетумен байланысты заңсыз схеманың жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
15 мамырда жедел іс-шаралар барысында үш күдікті ұсталған. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тінту барысында:
- әр түрлі ЖШС-нің 70-тен астам мөрі;
- шетел азаматтарының 75-ке жуық төлқұжаты;
- электрондық ақпарат тасығыштар, техника, банк карталары, ХҚКО құжаттарының түпнұсқалары;
- шамамен 2 миллион теңге қолма-қол ақша;
- екі көлік тәркіленді.
Аталған іс бойынша сотка дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!