27 қыркүйек 2021 09:01

Маңғыстауда жоғалып кеткен жігіт бір жарым айдан бері іздестіріліп жатыр

Азамат Садуақас. Фото: туыстарынан Азамат Садуақас. Фото: туыстарынан

Маңғыстау облысында бір жарым ай бұрын жоғалып кеткен жігіт әлі табылмады, - деп хабарлайды "Лада"


Маңғыстау облысында бір жарым ай бұрын жоғалып кеткен жігіт әлі табылмады, - деп хабарлайды "Лада"

Азамат Садуақастың туыстары көмек сұрайды. Ол 10 тамызда Ақтаудағы 16 шағынаудан, № 42 үйдегі пәтерінен шығып кеткен. Үстінде қара шолақ шалбар, футболка және қара аяқ киім болған.  

Азаматтың туыстары полицияға ол жоғалып кеткені туралы арызды 22 тамызда жазған. 11 қыркүйекте Маңғыстаудағы ауылда Азаматқа ұқсайтын бір адам тентіреп жүргенін айтқан. Туыстары бірден сол ауылға барған, алайда жігіт табылмаған.  

Артынша полиция 15 шағынауданда суға батып кеткен адамның суретін көрсеткен. Алайда туыстары ол Азаматқа ұқсамайтынын айтқан. Туыстары мәйітті қарауға мәйітханаға барды. Мәйіт 17 күн жатқаннан кейін жерленген екен. 

Бүгінде Азаматтың туыстары ДНҚ генетикалық сараптамасының нәтижесін күтіп отыр. 

Келесі айда Азамат Садуақасов 25-ке толады. Ол шамамен бір жыл бұрын үйленген. 

Туыстары Азамат Садуақасты көрген адамдар мына телефон номерларына хабарласуды сұрайды: 87029587191 және 87753285512.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети