22 шілде 2021 09:25

Маңғыстауда мұнайшылар жалақы өсіруді талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Маңғыстау облысындағы бірнеше мұнай компаниясының қызметкерлері еңбек шартын қайта қарауды талап етті, - деп хабарлайды Lada.kz.


Маңғыстау облысындағы бірнеше мұнай компаниясының қызметкерлері еңбек шартын қайта қарауды талап етті, - деп хабарлайды Lada.kz.

Желіде Oilfield equipment and service (OES) ЖШС және Жаңаөзендегі "Ақтау мұнай сервис компаниясы" (АМСК) ЖШС, сондай-ақ Маңғыстау облысындағы басқа кен орындары компаниялары қызметкерлерінің бейнеүндеуі жарияланды.

Видеода жұмысшылар жалақы көтерілуін және жұмыс орындарында тамақтануды ұйымдастыруды талап етті. Сондай-ақ, жұмысшылар Тәуелсіздік күні мен Мұнайшы күніне орай сыйақы беру, сондай-ақ 13-інші жалақы төлеу туралы талап қойды.

Сонымен қатар, жұмысшылар видеода көптеген қызметкермен ресми келісімшарт жасалмағанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети