10 қараша 2017 18:04

Маңғыстауда сәби өлімі 21,8 пайызға төмендеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі © Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жыл басынан бері аймақта 16083 нәресте өмірге келді. Олардың 156-сы егіз, 5-еуі үшем, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Жыл басынан бері аймақта 16083 нәресте өмірге келді. Олардың 156-сы егіз, 5-еуі үшем, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Маңғыстау облысы бойынша денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде қабылданған шаралар биылғы жылы негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік берді.

2017 жылғы 10 айдағы нәресте өлімінің көрсеткіші 1000 тірі туғанға шаққанда 7,8 құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл өңірде сәби өлімі 21,8 пайызға азайды. Аналар өлімі 100 мың тірі туған сәбиге шаққанда 13,8 болды, жалпы көрсеткіш 11,2 құрады.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов нәресте мен ана өлімінің алдын алу мақсатында денсаулық сақтау басқармасына жұқпалы аурулар мен олардың себептері туралы жұртшылықты ақпараттандыру үшін медиа-жоспар әзірлеуді тапсырған болатын.

Ана мен бала өлімінің алдын алу үшін бірнеше шара қабылданды:

1. 2017 жылдың желтоқсан айында 150 төсекті Өңірлік Ана мен бала күтімі орталығының құрылысы жоспарлануда.

2. Облыстық мамандандырылған Балалар үйінің базасында Балалар ауруларын кешенді басқару жөніндегі ресурстық орталық ашылды.

4. Ақтау қаласындағы №1 емханада, Жаңаөзен қалалық №2 емханада "SOS Қашықтан антенаталдық күтім" жобасы іске асырылды.

5. Акушер-гинеколог, неонатолог, реаниматолог және акушерлердің 20 маманынан құралған 7 бригада шетелде ДДҰ-ның технологиясымен біліктіліктерін арттырды.

6. 15 аурухана акушер-гинекологы "24 сағат және 7 күн" ережесі бойынша жедел акушерлік патологияны диагностикалау үшін ультрадыбыстық дағдылар бойынша дайындықтан өтті.

7. МЖӘ механизмі бойынша ұрықтың туа біткен кемістіктерін дер кезінде диагностикалау үшін 1 миллиард 16 миллион теңге құрайтын 16 бірлік ультрадыбыстық зерттеу техникасын сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының міндетін атқарушы Клара Оралбаеваның айтуынша, "Аймақта мамандармен қамту мәселесі жолға қойылып келеді. Өткен жылы облыста 358 маман жетіспейтін болса, биылғы жылы өңірге 161 маманның келуінің нәтижесінде маман тапшылығы 197-ге дейін азайған. Оның ішінде аймаққа еңбек етуге 11 педиатр, 18 акушер-гинеколог, 5 анестезиолог-реаниматолог келді".

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.4   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети