Маңғыстауда туған күнінде жоғалып кеткен 18 жастағы жігітті сүңгуірлер мен дрондар іздеп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстауда туған күнінде жоғалып кеткен 18 жастағы жігітті сүңгуірлер мен дрондар іздеп жатыр Фото жасанды интеллект көмегімен жасалған

Маңғыстау облысында 7 шілде күні күндіз Ақтаудан шамамен 48 шақырым жерде орналасқан O'Mir курорттық қонақүйі маңында жоғалып кеткен 18 жастағы Азамат Дүйсехановты ауқымды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.


Туыстарының айтуынша, сол күні бозбала достарымен бірге туған күнін атап өткен. Сағат 15:00 шамасында ол теңіз жағасында жоғалып кеткен. Содан бері оның қайда екені туралы ешқандай дерек жоқ.

Жоғалған Азамат Дүйсеханов

Қазіргі уақытта іздестіру шараларын ТЖД қызметкерлерімен қатар Азаматтың туған-туыстары, достары мен жақындары жүргізіп жатыр.

Өңірлік ТЖД мәліметінше, іздестіру жұмыстарына 32 қызметкер, оның ішінде жедел-құтқару жасағының 11 маманы, 4 техника, 3 жүзу құралы және 8 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылған.

Сонымен қатар операцияға Әскери-теңіз күштерінің 5 сүңгуірі мен бір техникасы, сондай-ақ ҚР ҰҚК Шеккара қызметінің 5 сүңгуірі мен бір техникасы тартылды.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы 53 адам, 6 техника, 3 жүзу құралы, 10 сүңгуір және 8 ұшқышсыз ұшу аппараты қатысып жатыр.

Құтқарушылардың дерегінше, іздестіру аумағында ауа температурасы +30 °C, су температурасы +22 °C, күн бұлтты, шығыстан соққан желдің жылдамдығы 4 м/с құрайды.

Жоғалған жігіттің туыстары барша жанашыр тұрғындардан іздеу жұмыстарына көмектесуді сұрайды. Әсіресе еріктілердің, дрон операторларының және қайық иелерінің көмегі аса қажет.

Сондай-ақ отбасы 7 шілдеде курорттық қонақүй маңында болған немесе іздеу жұмыстарына септігін тигізетін қандай да бір ақпараты бар жандардан хабарласуды өтінеді.

Көмек көрсете алатын немесе Азамат Дүйсехановтың болуы мүмкін жері туралы ақпараты бар жандардың келесі нөмірлерге хабарласуы сұралады: +7 (778) 967-61-23 және +7 (775) 985-57-54.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +27
Астана +27
Ақтау +26
Ақтөбе +28
Атырау +23
Б
Балқаш +31
Ж
Жезқазған +25
Қ
Қарағанды +29
К
Көкшетау +27
Қ
Қостанай +34
Қызылорда +27
П
Павлодар +29
Петропавл +26
С
Семей +29
Т
Талдықорған +28
Тараз +34
Түркістан +24
О
Орал +26
Ө
Өскемен +34
Ш
Шымкент +28

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер