19 маусым 2021 14:29

Маңғыстаудағы аптап: Жаңаөзен тұрғыны далада жұмыртқа "қуырды"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Маңғыстауда ауа температурасы +40 градусқа дейін көтерілді. Жаңаөзендегі осындай аптапта тұрғындар далада жұмыртқа "қуырып" жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 


Маңғыстауда ауа температурасы +40 градусқа дейін көтерілді. Жаңаөзендегі осындай аптапта тұрғындар далада жұмыртқа "қуырып" жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Маңғыстау облысында ауа температурасы +40 градусқа дейін көтеріледі. Синоптиктер мұндай болжамды бүгін, 19 маусымда айтты.

Жаңаөзен тұрғындары мұндай ыстықта ас үй плитасының көмегінсіз, далада, күнге қызған тастың үстінде жұмыртқа жасағанын видеоға түсірген. 

Желіде осыған ұқсас видеолар бұрын да жарияланған. Мысалы, 2017 жылы Атырау мен Шымкентте ауа температурасы 40 градустан жоғары көтерілгенде, адамдар жұмыртқаны  осындай әдіспен қуырған еді. Алайда кейбір Желі қолданушысы видеолар фейк деп санайды, олар жұмыртқа дайындау үшін табаны алдын-ала кәдімгі пеште қыздыруы мүмкін деген болжам айтқан. 

Айта кетейік, Маңғыстауда тек аптап болжанып отырған жоқ. Синоптиктер шаңды дауылдар мен дала өрттері болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети