30 қазан 2018 20:18

Маңғыстаулық меценаттар 39 жобаны іске асырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінен Сурет Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінен

Маңғыстауда облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен "Жомарт жүрек" сыйлығының лауреаттарын салтанатты құттықтау рәсімі өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Маңғыстауда облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен "Жомарт жүрек" сыйлығының лауреаттарын салтанатты құттықтау рәсімі өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Маңғыстау облысында жергілікті кәсіпкерлердің еңбегі мен өз өңірінің өркендеуіне үлес қосып жүрген жұмыстарын бағалап 2-ші жыл қатарынан қорытынды жасауда.

"Атамекен" бағдарламасы бойынша биыл10 айда жоспарланған 85 іс-шараның 39 жобасы меценаттардың көмегімен іске асырылды. Облыс бойынша, 12 спорт кешендері мен алаңдары, 4 мектеп жанында жылыжайлар, 100 орындық отбасылық жатақхана салынды, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін 11 пәтер берілді, 18 тұрғын үйлер жөнделді және 4 балалар ойын алаңы салынды.

Сонымен қатар, 2018 жылы тағы 40 жобаны іске асыру басталды, жалпы сомасы - 14 миллиард 785 миллион 60 мың теңге. Жыл соңына дейін 22 жоба аяқталады деп күтілуде.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Маңғыстауымыздың дамуына белсенді үлес қосқан үздік меценаттарды марапаттады.

"Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:" жаңа Жолдауында атап өткендей, қазақстандықтардың әл-ауқаты ең алдымен тұрақты әл-ауқатының өсуі мен тұрмыс сапасын арттыруына байланысты. Мен бүгін осында тек қана аймақ емес, бүкіл елге оң ықпал етіп, халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға зор үлес қосып жүрген адамдар қатысуда. Адамдардың өмір сүру сапасы жақсарғанда кезде, олардың санасы да өзгереді. Осы жағдайда бізге біздің кәсіпкерлер баға жетпес көмек көрсете алады. Сіздердің көмек және қолдауларыңыздың арқасында, біз 2019-2020 жылдары тағы 29 жобаны іске асыруға жоспарладық, жалпы сомасы 13,5 млрд. теңге.  Ақтау қаласында спорт сарайының құрылысы, Жаңаөзенде 59 үйді жөндеу, Бейнеуде 160 орындық спорт кешен құрылысын салу, Мұнайлы ауданында кітапхана мен мәдениет үйінің құрылысы және тағы басқа құрылыстарды салу жоспарлануда", - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

"Жыл меценаты" номинациясымен Есенгелдин Сакен Есенгелдіұлы және Керелбаев Асқарбек Сайынұлы мен марапатталды.

"Туған өлке" номинациясы  Лесбаев Мұхат Бердібекұлы, Табылдиев Дүйсебай Аманханұлы және Мұңалбаев Сұңғат Аңшыбайұлына табысталды.

Белсенді азаматтық ұстанымы, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырғаны үшін "Жыл тұлғасы" номинациясын Шакенова Даметкен Асабайқызы, Бимырзаев Иса Ибрайымұлы және  Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлы иеленді.

Әлеуметтік маңызы бар жобаларды, қайырымдылық жобаларды іске асыруда бас демеушлік жасағаны үшін "Үздік ұйым" номинациясымен Қожанепесов Бақытжан Мәткерейұлы, Жолдыбаев Асылбек Тұрарұлы және Әбдірахман Қуанышбек Спанұлы марапатталды.

Волонтерлік қызметтерге белсенді қатысқаны үшін "Ерен  еріктілігі" номинациясымен Огай Антонина Вячеславовна, Мурадова Сәнім Ізбасарқызы және "Үммет жастары" қоғамдық ұйымы марапатталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети