21 ақпан 2020 15:18

Марат Иғалиев жаңа қызметке тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марат Иғалиев Президент Әкімшілігінде қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Марат Иғалиев Президент Әкімшілігінде қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін, 21 ақпанда Ақмола облысының әкімі Марат Иғалиев Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің инспекторы болып тағайындалғанын хабарлады. Ермек Маржықпаев оған Ақмола облысындағы бірлескен жұмысы үшін рақмет айтып, алғыс хат табыс етті.

Марат Иғалиев ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясының бірінші жинағының түлегі, ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын бітірген, саяси ғылымдардың кандидаты.

Қауіпсіздік кеңесінің талдау орталығының сарапшысы, Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы, Президент Әкімшілігінде бас инспектор, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі департаментінің директоры, Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары, Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып жұмыс істеген. 45 жастағы Марат Иғалиев 2018 жылдан бастап Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети