Марат Сұлтанғазиев Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды

18 Қазан, 15:36
0

Марат Сұлтанғазиев Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа басшыны бүгін, 18 қазанда қаржы министрі Әлихан Смайылов таныстырды.

Марат Сұлтанғазиев осы қызметке дейін ҚР Президент Әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған.

Марат Сұлтанғазиев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Мамандығы бойынша - экономист-қаржыгер, іскерлік әкімшілік магистрі. Абай атындағы мемлекеттік акамедияны, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті мен Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын Алматыда салық органдары жүйесінде бастаған. Онда ұзақ жылдар бойы түрлі лауазымдарда қызмет еткен. 

Получить короткую ссылку


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай