13 ақпан 2022 15:23

Марс бетінің жаңа суреттері жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: esa.int Фото: esa.int

"Роскосмос" корпорациясы мен Еуропалық ғарыш агенттігінің (ЕҒА) өкілдері Марстың Аргир жазығы мен Гук кратерінің бір бөлігі түсірілген жаңа суретін көрсетті. Фото ЕКА ресми сайтында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Сурет ExoMars Trace Gas (TGO) орбиталық кемесінің бортында 2021 жылдың 1 ақпанында Cassis камерасымен жасалған. Суретте әр түрлі тастар мен үйінді жоталар, беті жазық дөңдер бейнеленген. Жалпы алғанда, Марста осындай 30-ға жуық аймақ анықталды.

Мұндағы ең маңызды ерекшелік - Марста да, Жерде де кездесетін шаңның қара іздері, ол жылы ауа суық аймаққа жылдам көтерілгенде пайда болады. Бұл құйындар планетаның бетінде із қалдырады. Ойықтар солтүстіктен оңтүстікке бағытталған, бұл желдің басым бағыттарын көрсетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети