09 ақпан 2015 19:08

Мәскеу соты Мұхтар Әблязов ісі бойынша мүлікке тыйым салудан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұхтар Әблязов. ©РИА Новости Мұхтар Әблязов. ©РИА Новости

Мәскеудің қалалық соты БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовке табыс әкеліп отыр делінген мүлкіне тыйым салмайтын болды, - деп хабарлайды РАПСИ. Сот Мұхтар Әблязовтің Татарстандағы логистикалық кешенін жалға беруден табыс тауып отырғаны туралы дәлел таппады. 


Мәскеудің қалалық соты БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовке табыс әкеліп отыр делінген мүлкіне тыйым салмайтын болды, - деп хабарлайды РАПСИ. Сот Мұхтар Әблязовтің Татарстандағы логистикалық кешенін жалға беруден табыс тауып отырғаны туралы дәлел таппады. 

БТА банк заңгері Сергей Ермоленконың қоймаға тыйым салу туралы өтініші қанағаттандырылмады. Бұған дейін заңгер логистикалық кешенді жалға беруден түсіп жатқан қаржының құрамында Мұхтар Әблязовтан басқа банктің бұрынғы заңгері, жақын арада Чехиядан экстрадицияланатын Елена Тищенко бар қылмыстық топқа үлестірілетіні туралы мәлімдеген болатын. Ермоленконың айтуынша, Тищенко ай сайын 150 мың доллар алып отырады.

Мәскеу қалалық соты жер учаскесі құжаттарындағы кадастрлық нөмірде айырмашылық болғаны үшін және жалға беруден түсетін ақшаның шын мәнінде Мұхтар Әблязов пен өзге де қылмыстық топ мүшелеріне үлестірілетіні туралы сотқа дәлел келтіруі тиіс болған тергеушінің сот отырысына келмегені үшін мүлікке тыйым салудан бас тартты.

Еске сала кетейік, Мұхтар Әблязов 2013 жылы жазда Францияда ұсталып, әлі күнге дейін тұтқында отыр. Ол 2015 жылы Ресейге ауыстырылады деген мәлімет бар, себебі Францияның соты Ресейдің бас прокуратурасының Мұхтар Әблязовті экстрадициялау туралы өтінішін қолдаған болатын. Бұрынғы банкир алаяқтық, құжаттарды қолдан жасау мен лауазымен асыра пайдаланды деп айыпталды.

Сонымен қатар, Қазақстан Мұхтар Әблязовті 6 миллиард доллардан астам соманың қаржылық алаяқтығын жасады деп айыптады. Қылмыстық іс 2009 жылы қозғалды. Осыдан кейін бұрынғы банкир елден қашып, ұзақ уақыт бойы Ұлыбританияда тұрды. Біраз уақыттан кейін Мұхтар Әблязов Лондоннан кетті. БТА банктен ақша жымқырғандардың ісі бойынша Мәскеуде бірнеше адамға қазірдің өзінде жазаның кесілгені бұған дейін хабарланған болатын. Айта кетейік, Қазақстанда Әблязов 13 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети