1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Massaget.kz сайтының бас редакторы Urker сыйлығын жеңіп алды 24 маусым 2021, 20:50

Massaget.kz порталының бас редакторы Өмірбек Сансызбай баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы URKER-2021 Ұлттық сыйлығын иеленді, -
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: Бауыржан Жуасбаев Фото: Бауыржан Жуасбаев

Massaget.kz порталының бас редакторы Өмірбек Сансызбай баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы URKER-2021 Ұлттық сыйлығын иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өмірбек Сансызбай сыйлықты "Жылдың үздік танымдық материалы" номинациясында жеңіп алды. Ол Urker естелік мүсінінің және бір миллион теңге сомасындағы ақшалай сыйлықтың иегері болды.

"Бүгін айрықша күн. Мерекенің бастауы - Үркерден бастау алып отыр. Үркер ұлттық сыйлығын қазақ журналистикасының Оскары деп бағалауға болады. Биыл Massaget.kz порталының құрылғанына 10 жыл толып отыр. Бүгінгі марапатты өзіндік аудитория жинап, көптің ықыласына бөленген танымдық порталдың мерейтойына арнамақпын. Бүгінгі марапат - командада еңбек етіп жүрген ұл-қыздардың жеңісі. Жазарымыз көбейсін, қазақ медиасы тұщымды материалдарға толы болсын", - деді Өмірбек Сансызбай марапаттау салтанатында.

Аталымы бойынша жеңімпаздар тізімі:

  • Жылдың үздік фотосуреті - Мақсат Шағырбаев newsroom.kz порталы
  • Жылдың үздік репортажы - Ануар Абдрахманов BaigeNews.kz порталы
  • Жылдың үздік аналитикалық материалы - Дина Имамбаева "Ақиқат" журналы
  • Жылдың үздік журналистік зерттеуі - Рысбек Қыдырбек "Aiqyn" газеті
  • Жылдың үздік сұхбаты - Тамара Вааль Vlast.kz порталы
  • Жылдың үздік танымдық материалы - Өмірбек Сансызбай Massaget.kz порталы
  • Радиостанциядағы үздік жоба - "Новое утро" "NS" радиосы
  • Жылдың үздік жаңалықтар порталы - inform.kz
  • Жылдың үздік газеті - "TÚRKISTAN"
  • Жылдың үздік журналы - "Forbes Kazakhstan"
  • Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік материал - Рыиза Молдашева "Семей таңы" газеті.

Өмірбек Сансызбай да "Жылдың үздік фотосуреті" номинациясының шорт-парағында да болған. Онымен бірге номинациядағы жеңіске Tengrinews.kz фототілшісі Әлихан Сариев те таласқан.

Massaget.kz - Alash Media Group холдингінің құрамына кіретін мемлекеттік тілдегі ақпараттық, ойын-сауық, танымдық портал. Мұнда қазақ тілін үйрену туралы ақпаратты, түрлі блогтар мен форумдарды, пайдалы мақалаларды оқуға болады. Сайт 2012 жылдың 16 желтоқсанынан бастап жұмыс істейді. 2016 жылы басылым жастардың үздік сайты деп танылған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!