1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Маусымда 18 автожол ақылы болады: тізім жарияланды 17 мамыр 2021, 14:07

Маусымда жалпы ұзындығы 5,8 мың шақырым тасжолдағы 18 учаске ақылы жүйеге ауысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚазАвтоЖол ҰК баспасөз
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Маусымда жалпы ұзындығы 5,8 мың шақырым тасжолдағы 18 учаске ақылы жүйеге ауысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚазАвтоЖол ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Инфрақұрылымды дамытудың "Нұрлы жол 2020-2025" мемлекеттік бағдарламасының аясында елімізде 11 мың шақырым автожол ақылы жүйеге ауысады. Оның ішінде жалпы ұзындығы 5,8 мың шақырым болатын 18 учаске биыл маусымнан бастап пайдалануға беріледі.

Бұл: Шымкент-Өзбекстан шекарасы, Орал-Ресей Федерациясының шекарасы (Саратов), Орал-Ресей шекарасы (Самара), Ресей шекарасы (Орынбор)-Ақтөбе, Щучинск-Петропавл, Шымкент-Қызылорда, Шымкент-Тараз, Тараз-Қайнар, Қапшағай-Талдықорған, Қарабұтақ-Қызылорда, Ақтөбе-Орал, Атырау- Бейнеу- Өзбекстан шекарасы, Ақтау-Бейнеу, Қостанай-Ресей шекарасы (Троицк), Нұр-Сұлтан-Қостанай, Павлодар- Ресей шекарасы (Омбы), Нұр-Сұлтан-Павлодар, Павлодар-Семей-Қалбатау учаскелері.

Әр учаске бойынша қандай автокөліктерден төлемақы алынатыны тасжолдың техникалық санатына тікелей байланысты екені хабарланды.

"Мәселен, І-техникалық санаттағы тасжолдарда барлық автокөлік, ал ІІ және ІІІ-техникалық санаттағы тасжолдарда тек жүк көліктері төлем жасайды. Осы сәтте, алғашқы ақылы учаске енгізілген кезден бастап бүгінгі күнге дейін ақылы жолдардың тарифтеріне өзгеріс енгізілмегенін, бағаның өспегенін атап өту қажет. Ал жаңа ақылы учаскелер бойынша төлем мөлшерлемесін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қарастырып жатыр. Сондай-ақ, тестік пайдалану барысында автокөліктерден уақытша төлем алынбайды", - делінген хабарламада.

Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жоспарының негізінде, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен "QazAvtoJol" ҰК" АҚ бірлесіп төлем алудың "ашық жүйесін" енгізу туралы шешім қабылдады.

Жүйенің ерекшелігі - учаскелерде шлагбаумдар болмайды. Автокөліктердің жүріп өткен жолы туралы ақпарат аркаларда орналасқан арнайы камералар арқылы тіркеледі.

Төлем автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі бойынша жасалады. Сондай-ақ, төлемақы мен автокөлік туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін арнайы белгілерді (RFID-белгі) жапсыру да көзделген.

"Жаңа ақылы учаскелер жүргізушілер мен жолаушылардың сапары жайлы болуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жол-көлік апаты азайып, жол инфрақұрылымы, жол бойындағы сервис нысандары, тәулік бойы ұсынылатын сервис белсенді дамиды", - делінген хабарламада.

Ақылы жүйе енгізілместен бұрын автожолдар қайта жаңартылатынын ескеру қажет. ҚазАвтоЖол мәліметінше, қайта жаңартуға дейінгі және жаңа жолдардағы жол-көлік апатының көрсеткіштеріне сүйенетін болсақ, ақылы жолдарды пайдалануға бергеннен кейін жол-көлік апаттарының саны азаятыны дәлелденген. Мысалы, қайта жаңарту жұмыстары жүргізілгеннен кейін "Ақтөбе-Орал-Ресей шекарасы" автожолындағы көлік апаты 25 пайызға, "Нұр-Сұлтан-Павлодар" автожолында 46 пайызға, "Қызылорда-Шымкент-Тараз" автожолында 43 пайызға, ал "Павлодар-Семей-Қалбатау" учаскесінде 62 пайызға төмендеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Firebase Cloud Messaging