26 қыркүйек 2020 13:45

Медициналық сақтандыру қорындағы жемқорлық туралы қайда хабарлау керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қазақстандықтардан әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы сыбайлас жемқорлық туралы хабарлауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қазақстандықтардан әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы сыбайлас жемқорлық туралы хабарлауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-30 қазан аралығында "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізетіні хабарланды.

"Талданатын сала халық үшін өзекті және сезімтал екенін ескере отырып, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының құзыретіне кіретін белгілі әкімшілік кедергілер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен мән-жайлар туралы мәліметтерді b.aitbaev@anticorruption.gov.kz, tolybekov.n@anticorruption.gov.kz электрондық мекенжайларға және 8-778-672-44-01 WhatsApp байланыс нөміріне жіберуді сұраймыз.

Бұл ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.

Сізге сыбайлас жемқорлық туралы белгілі болса, сіз 1424 CALL-орталығына 24/7 режимінде хабарласа аласыз", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети