1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Мектептен оралмаған тобылдық оқушы табылды 22 сәуір 2021, 11:22

Қостанай облысында үйінен мектепке шығып, сабаққа бармаған оқушы табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Қостанай облысында үйінен мектепке шығып, сабаққа бармаған оқушы табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

11 жастағы Николай Кобец 21 сәуірде Тобыл қаласында жоғалып кеткен болатын. Баланы еріктілер шамамен түнгі сағат 12-де тапты.

"2021 жылдың 21 сәуірінде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай аудандық білім бөлімінің Тобыл қаласының № 1 жалпы білім беретін мектебі" КММ-нің 2009 жылы туған 5-сынып оқушысы Кобец Юрий Николаевич мектепте сабаққа қатыспады, бұл туралы сынып жетекшісі отбасына хабарлаған. Бала батуттардан табылды. Оны еріктілерге ерлі-зайыпты айтты", - деді Қостанай облысының білім басқармасы өкілі.

Бұған дейін 11 жастағы оқушы іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын. Баланың туыстарының айтуынша, ол үйден мектепке шыққан, бірақ онда бармаған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!