28 қаңтар 2020 16:44

Мемлекет басшысы шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Әбу-Даби Әмірлігін билеуші әулеттің өкілі, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ірі бизнес өкілі, Etihad Towers көпфункционалды кешенінің иесі, First Abu Dhabi Bank акционері шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті.

Кездесуде Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанның Таяу Шығыстағы сенімді серіктестерінің бірі екенін, сапар барысында Әбу-Дабидің тақ мұрагері, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға уағдаласқандарын атап өтті.

Шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаян Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің West Hydrocarbons Commercial Investment LLC компаниясының Батыс Қазақстан облысында мұнай өңдеу зауытын салып жатқанын айтты. Алдағы уақытта да біздің елімізбен бірлесіп жұмыс істеуге, жаңа жобаларға инвестиция салуға ниет білдірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети